astana-view

Отандық өнім Қытай нарығында сұранысқа ие

2019 жылғы 06 Маусым
1769 просмотров

Шанхай қаласында «Belt & Road Brand Expo Shanghai  2019» көрмесі аяқталды, оған отандық тауар өндірушілер қатысты

 Көрмені Шанхай сауда-өнеркәсіп палатасы, Шанхайдың халықаралық сауда жөніндегі кеңесі, сонымен қатар Шанхай көрме орталығы ұйымдастырды.

 Қытай тұрғындарына өз өнімдерін RG Brands(DADA, Gracio,  «Пиала» шайы, ASU, «Арал Тұзы»), Eurasian Food Corporation («3 желания», «Златые горы»), Shin-Line (Bahroma, «Бомба» балмұздақтары), Shymkent Cashmere, Korik ShK (Delis) компаниялары ұсынды.

Қытайда қазақстандық өнімге қызығушылық ерекше. Соңғы уақытта көршілес ел экологиялық таза әрі қауіпсіз өнімге ынта танытып отыр. Қазақстандық тауарлар қанық дәм және құрамында пайдалы заттардың сан алуандығымен ерекшеленеді. Көрме барысында кәсіпкерлер Қытайдың сатып алушы компанияларымен кездесті, сонымен қатар В2В форматында серіктестермен  келіссөздер жүргізді.

 Көрмені Қазақстан тарапынан ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Шанхай қаласындағы ҚР бас консулдығы, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы ұйымдастырды.

 Естеріңізге салсақ, Bahroma және «Бомба» сауда маркасымен балмұздақ өндіретін Shin-Line отандық нарықтың көшбасшысына айналған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер