astana-view

Жұмысы жүріп, құжаты түгел болған кәсіпкердің мазасын ретсіз алу - бизнеске зиянын тигізеді - А. Махамбетов, кәсіпкер

2014 жылғы 04 Сәуір
2405 просмотров

«Осыған дейін бизнесті дамытуға байланысты көптеген жобалар жүзеге асырылып, шешімдер қабылданғанымен олардың нәтижесі көңіл көншітпеген еді. Енді Елбасының бұл тапсырмасы кәсіпкерлерге расында өз көмегін тигізбек. Бұл шағын және орта бизнесті жоспарлы тексерулерге жарияланған мораторий бизнеске артық әкімшілік жүктемелерді алып тастауға үлкен мүмкіндік береді деп есептеймін».

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы, Кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы, «Best-servise LTD» ЖШС директоры Асқар Махамбетов осылай деп мәлім етті.

«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шағын және орта бизнесті жоспарлы тексерулеріне жариялаған мораторийі кәсіпкерлерге жасалынып отырған артық әкімшілік жүктемелерді алып тастауға мүмкіндік жасайды. Расында бұл еліміздегі кәсіпкерлердің көптен күткен жаңалығы десе де болады. Дегенмен, мораторий барлық тексеру түрлеріне жарияланбаған. Тексерулерді тек қаржылық ұйымдарды бақылайтын, кәсіпкерлердің шағымдары мен өтініштері бойынша бақылау жүргізетін, сондай-ақ қару-жарақ, пиротехникалық заттар, яғни азаматтар құқығы мен ел мүддесін қорғаумен байланысты мемлекеттік органдар жүргізеді. Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев күні бүгіннен бастап 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын және орта бизнес субьектілеріне тексеру жүргізуге мораторий жариялады.

«Елбасы өз сөзінде «Жарлыққа сәйкес, мен 2 сәуірден бастап 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін  шағын және орта бизнес субьектілеріне тексеру жүргізуге мораторий жариялаймын. Мен қазақстандықтардың бизнес жүргізу үшін қажетті жағдайды одан әрі жақсарта түсу мақсатында Үкіметке бірқатар нақты шаралар қабылдауды тапсырдым», - деген еді. Кәсіпкер ретінде айтарым, бұл біздің бизнесімізге бұл үлкен жеңілдік болып табылады. Жұмысы жүріп, құжаты түгел болған кәсіпкердің мазасын ретсіз алу - экономикамыздың күре тамыры болып отырған бизнеске айтарлықтай зиянын тигізеді» - деді Асқар Махамбетов.

Дерекнамасы: Казинформ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер