Жетісу кәсіпкерлері түрік компаниясымен туризм саласында ынтымақтастық орнатты
Алматы облысының кәсіпкерлер палатасы «SYNERGY» түрік компаниясымен ішкі туризм саласында ынтымақтастық орнату туралы келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасай отырып.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, «SYNERGY» түрік компаниясының өкілдері «TOP Travel» компаниясының кеңсесіне ынтымақтастық шарттарын егжей-тегжейлі талқылау үшін барды. Кездесу барысында туризм мәселелері талқыланды, болашақ біріккен жұмыстардың шарттары айтылып, ынтымақтастық туралы келесімшарттар бекітілді.
Дерекнамасы: Bnews.kz
Пікір қалдыру:
Пікірлер: