Бизнес өкілдері жаңа мемлекеттік бағдарламаға баға берді
24 шілде күні «Атамекен» алаңында 2020-2025 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы жобасын кең ауқымда талқылаудың екінші отырысы өтті
Жиынға Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, жобаны әзірлеушілер – «QazIndustry» Қазақстан индустрия және экспорт орталығы» АҚ, мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер және бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысты.
Жобаны «QazIndustry» Қазақстан индустрия және экспорт орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасарлары Тұрар Жолмағамбетов және Мұрат Бекмағамбетов таныстырды.
Аталған жоба өнеркәсіптің шикізатты емес салаларын қолдау бойынша үшінші мемлекеттік бағдарлама. Бағдарламада негізгі басымдық экспортқа бағдарланған кәсіпорындарға бағдарланған. Бұл кәсіпорындар төрт топқа бөлінген: «Жаңа индустриялық ойыншылар», «Мықты шеп», «Өсу драйверлері» және «Салмақты орталықтар». Осы ретте қолдау шаралары әр топқа бекітіледі.
Шаралардың бірі – Бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату туралы келісім, ол қолдау шаралары мен өзара міндеттемелердің аралас жиынтығын қарастырады.
Таныстырылым барысында қатысушылар кейбір түйткілді мәселелерді көтеріп, жобаға қатысты екертпелерді айтты.
«Қазақстандық индустрияны дамыту бағдарламасы Ресей, Қытай немесе басқа мемлекеттік әдістемесіне негізделмеуі керек. Менің пікірімше, біз біріншіден, Тауарларды шикізатты және шикізатты емес жіктеудің жеке әдітемесін қабылдауымыз керек. Екіншіден, экономикаға анағұрлым көп қосылған кұн әкелетін экспорт жетекшілерін анықтау қажет. Осы ретте тауарлардың әр тобы бойынша қолдаудың түрлі шаралары болуы мүмкін деген пікірмен келісемін, бірақ бұл мәселеде де басымдықтар, яғни қолдаудың сұранысқа ие шаралары маңызды. Сол кезде біз қажетті қаражаттың көлемін түсінетін боламыз», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасының кеңесшісі Юлия Якупбаева.
Бұл мәселеде Юлия Якупбаеваны Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Басқарма Төрағасы Аян Еренов қолдады. Оның айтуыншашағын кәсіпорындар экспортқа шығуға әлеуеті жетпей қалуы мүмкін.
«Біріншіден, оларға шетелдік сатып алушы компаниялардың қызығушылығын тудыру үшін шоғырлану қажет. Екіншіден, егер кәсіпорындардан нақты өсу нүктелерін көргіңіз келсе, онда қолдаудың өтпелі шаралары керек.. ірі бизнес әрине, сіздерді қолдайды, ал орта және орта деңгейден төмен бизнес: «неге бұл жағдайда басымдық ірі бизнеске беріледі, біз қайтадан назарсыз қалдық па?» деп айтады», – деді Аян Еренов.
ФармМедИндустрия қауымдастығының өкілдері бизнесті сыртқы нарықтарда тартымды болатын өнімді өндіруге бағдарлау қажет екенін айтты.
«Біз сыртқы нарықта сатылатын, сұранысқа ие болатын өнімді шығаруымыз керек, бұл Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы көздеген мақсаты. Міндетті түрде 5 жылдан кейін емес, өсу драйверлері бүгінгі күні өзекті және ішкі қолдау шаралары өндірушілерге бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталуына көмектесуі керек...Менің ойымша, экспорт идеологиясы Ұлттық экспорттық стратегия тұрғысынан емес, өнеркәсіп тұрғысынан өрбуі қажет. Біз кәсіпкердің бәсекеге қабілеттілігінің идеологиясын қалыптастыруымыз керек»,– деді Руслан Сұлтанов.
Таныстырылымға қатысқан кәсіпкер өз бағалауларында қатал болды.
«Біріншіден, талқылау уақытының 80%-ы экспорттық әлеуетке тиесілі. Бірақ сіздер көрсеткен тұжырымдамаға сәйкес отандық экспорттың 80%-ын Қазақстан Республикасында 20 компания жасап отыр. Экспорттың тағы 20%-ын сіздер «Өсу драйверлері» тобына қосқан компаниялар жүзеге асыруда, және 10%-ды қалған 12 мың кәсіпорын жасауы мүмкін. Бағдарламамызда әр топ бойынша әрекет ету жоспары жоқ. Осы бағдарламаны іке асыруға салынған қаражат қаншалықты тиімді болмақ? Өйткені, өзіңіз айтқандай, осы 20 компания әлем нарықтарындағы әлемдік бағаларға тәуелді, ал 300 компаниямен қандай да бір мақсатты жұмыстар жүргізуге болады. Қалған компаниалар бойынша – олардағы экспорттық әлеует қандай және олар қашан жүзеге асатынын түсіну керек. Иә, сіздер айтпақшы осы топта өндіруге қатысты бір реттік жағдайлар бар, бірақ бұл жағдайда мелекеттік инвестициялар емес, талантты адамдарға қаржы сала алатын жеке институттар дың (инвестициялық қорлар) болғаны абзал», – деді «ЖБИ» ЖШС директоры Владимир Ли.
«Бағдарлама тым лирикалық деп айтар едім. Кәсіпкерлерді нақты нәрселер қызықтырады. Оларға қандай қолдау шаралары ұсынылмақ? Бұл жұмысқа қанша қаржы бөлінеді? Қазіргі таңда бұл деректер жоқ», – деп атап өтті ҰКП Төралқа Төрағасының кеңесшісі Фатима Герфанова.
Бәсекелестікті жоғарылату туралы келісімді жасау механизмдеріне қатысты сұрақтар көп болды.
«Бизнес қаржылай көмекке – жеңілдікпен берілетін несиелер, несиелерді субсидиялау, кепілдендіру және басқа да қолдау шараларына мұқтаж. Бұл міндеттемелер даму институттарына, соның ішінде «Бәйтерек» ҰХБ» АҚ еншілес ұйымдарына беріледі. Мәселен, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі байқау жүргізеді, оның нәтижесі бойынша бастапқы талдау кезінде анағұрлым келешекті жобалар анықталады олармен Индустрия министрлігі келісімшарттар жасайды. Осы ретте «Бәйтерек» АҚ, «Қазақстан даму банкі» АҚ немесе «Даму» АҚ қаржы операторлары бола тура қалай қатысады? «Бәйтерек» АҚ-тың еншілес компанияларында жобаны іріктеу мен сараптаму бірнеше кезең бойынша жүргізіледі. Бірініші кезеңде біз таныстырылмды немесе бизне-жоспарды көргенімізде, біз идея жақсы деп айта аламыз, бірақ дәл осы жобаны қаржыландырамыз деп кепілдік бере алмаймыз. Жобаларды қаржыландыруда банк сараптамасының соңғы кезеңінде бас тарту болуы мүмкін. Аталған келісімге қол қоятын болсақ, сіздер жүргізген бастапқы талдаудан кейін кәсіпорынның қаржыландыру алатынына біз кепілдік бере алмаймыз. Сәйкесінше түсінбестік орын алады, кәсіпорын: «мемлекет атынан Индустриялық министрлігі бізбен келісім жасады, бізге несие беріңіз» деп айтады, ал біз кәсіпкер өтінімін қабылдамаймыз», – деді «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ өкілі.
Сонымен қатар іс-шара барысында ауыл шаруашылығына қатысты мәселе көтерілді:
«Бізде арнайы инвестициялық шарт бар, ауыл шаруашылығында машина жасауды дамыту бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім бар. Олар қайталана ма, жоқ әлде өзгертіле ме?», – деп сауал тастады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Ержан Төлеутаев.
2020-2025 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы жобасын әзірлеушілер инвестициялық келісімшарттарды, арнайы инвестициялық келісімшарттарды жаңа Келісіммен біріктіру мүмкіндігін қарастырып жатқанын алға тартты. Әзірге мәселе талқылау кезеңінде тұр.
Іс-шараны қортындылай келе, «Атамекен» Басқарма Төрағасының орынбасары Эдуард Квятковский аталған кездесу құрылымды өткенін айтып, бағдарлама бөлімдерін, нақты шалар мен механизмерді егжей-тегжейлі қарау үшін іс-шаралар сериясын өткізу қажеттігін алға тартты.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: