astana-view

«Бұл салық емес!» – «Атамекен» міндетті мүшелік жарна туралы

2019 жылғы 09 Тамыз
15807 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әлеуметтік желіде жарияланған кәсіпкер және Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы қызметкерінің телефон арқылы сөлесуінің жазбасына қатысты пікір білдірді

Осыған қатысты «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев өзінің facebook-тегі парақшасында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының позициясын жеткізді.

«Call-орталыққа қоңырау шалған кәсіпкер міндетті мүшелік жарнаны «кәсіпкерлік салық» деп атап, өз наразылығын білдірді. Бұл сөйлесу шілде айының ортасында болған, кәсіпкер телефон арқылы әңгімелесуді аудио жазбаға басып, оны жұмыс чатына жариялаған. Аудио жазба тараған күні Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов кәсіпкермен кездесіп, оған барлық қажетті ақпаратты берген», – деді Эльдар Жұмағазиев. 

Спикердің айтуынша, бұл мәселеге қатысты өзара түсіністік бар, кәсіпкер тарапынан ұсыныс та бар. Міндетті мүшелік жарналарға келетін болсақ, оны жылдық табысы 60 мың АЕК-тен асатын, демек жылдық табысы 144 млн теңгені құрайтын кәсіпкерлер төйлейді. Міндетті мүшелік жарнаның сомасы 202 мың теңгені құрайды, айларға бөлсе шамамаен 17 мың теңге. Қазіргі таңда Қазақстанның бүкіл бизнесінен, бұл дегеніміз 1 млн-нан астам кәсіпкердің небәрі 2%-ы мүшелік жарна төлейді. Демек, кәсіпкерлік субъектілердің 98%-ы мүшелік жарнаны төлеуден босатылған. Естеріңізге салсақ, 2017 жылы Съезд шешімімен «Атамекен» шағын бизнесті міндетті мүшелік жарнаны төлеуден 2022 жылға дейін босатқан.

«Егер алғашқы жылдары міндетті мүшелік жарнаны төлеушілер саны 40% болса, бұл көрсеткіш жылдан жылға артып келеді, қазіргі таңда міндетті мүшелік жарнаны төлеушілердің 70%-ы Ұлттық палатаға төлемдер жасап отыр. Жұмыс істеу уақыты аралығында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы міндетті мүшелік жарнаны төлемегені үшін бизнесті жауапкершілікке тартпағанын атап өту маңызды. Бұл біздің түбегейлі позициямыз. Жарналарды олар қажетті деп санайтындар ғана төлейді. Сондықтан бұл салық емес», – деп атап өтті Эльдар Жұмағазиев.

Сонымен қатар Басқарма Төрағасы орынбасарының айтуынша,  «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы өзінің жұмыс істеу уақытынан бастап  бизнесті қорғау бойынша Палатаға 27 мың өтінім келіп түскен, соның ішінде 133,6 млрд теңгеге бизнестің мүліктің құқығы қорғалған, бұл дегініміз алынып тасталған айыппұлдар, өсімпұлдар, қосымша салықтар, мүліктік шығындар.

 Эльдар Жұмағазиев кәсіпкерлер «Атамекенмен» бірге Заңдарды жетілдіріп, әзірлей алатынын айтты. Бизнеске қатысты барлық заң жобалар мен нормативтік-құқықтық актілер бизнес-қоғамдастық және «Атамекеннің» міндетті мақұлдауынан өтеді! Бизнестің барлық ескертпелері мен ұсыныстарының 75%-ы  – заң жобалары мен нормативік-құқықтық актілеріне енген.   

«Атамекен»  Үкіметпен бірлесіп, Қазақстанда бизнесті жүргізу жағдайын айтарлықтай оңтайландырып, жақсартты. Тексерулер саны қысқарды: 183 00 тексеруден (2013 жыл) 105 000 тексеру (2018 жыл) қалды.  Тексерулердің жалпы мерзімі 2 есе қысқарды (30 жұмыс күнінен 15 күнге дейін, жоспардан тыс тексерулер бойынша – 30 күннен 10 күнге дейін қысқарды). Кәсіпкерлер алуы керек рұқсаттар саны 72%-ға қысқарды. 1115 рұқсаттан 315 рұқсат қалды.

 Кәсіпкерлерге қатысты түрлі талаптар саны 58%-ға қысқартылды, 30 500 талап ішінен 13 000 талап қалды (Санитарлық-эпидемиологиялық орған талаптарының өзі 11 000-нан 1 700-ге дейін қысқарды).  

 Кәсіпкерлерге арналған әкімшілік айыппұлдар 30%-ға төмендетілді (құқық бұзушылықтың 157 құрамы бойынша). Бизнес айыппұлдарды 50% жеңілдікпен төлеуге мүмкіндік алды (мәселен, жол жүру тәртібін бұзғаны үшін жеке тұлғалардың анологиясы бойынша).

 Бұдан бөлек ҚҚС салығы бойынша шек 30 000-дан 114 184 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.  

 Шілденің соңында «Атамекен» жұмыс берушінің 5% мөлшерінде міндетті зейнетақылық жарнаны төлеуін енгізуге қарсылық білдірді, бизнеске салынатын ауыртпалықты ары қарай ұлғайту дұрыс емес деп санап, аталған нормаларды қайта қарауды талап етті.

 «Бұл әр кәсіпкерге тікелей немесе жанама қатысты мәселелерде «Атамекен» атқарған жұмыстың оннан бір бөлігі ғана. Фактілер, сандарды мысалға келтіруге көп уақыт кетеді, сондықтан Кәсіпкерлер палатасының жұмысымен танысу үшін мына сілтемені қалдырамын. Бұдан бөлек, дүйсенбіден бастап біз 5 жыл ішінде атқарылған жұмыс есебіне қатысты жариялымдар сериясын бастаймыз. Жаңалықтарды бақылаңыздар!», – деп қорытындылады Эльдар Жұмағазиев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер