astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнестің құқығы мен мүддесін қорғауы тиіс - Елбасы

2014 жылғы 11 Сәуір
2177 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнестің құқығы мен мүддесін қорғауы тиіс. Бұл туралы бүгін Ақордада өткен Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Палата барлық бизнесмендердің құқығы мен мүддесін қорғауға белсенді араласуы тиіс. Қазірден бастау қажет. Мәселен,  «Бизнесті президенттік қорғау» сайтына келіп түскен шағымдарды қарауға қатысуын қамтамасыз  ету керек. Мен сондай сайт аштым. Оған тексеруші органдарға бизнесмендердің шағымдары, жергілікті жерлердегі тәртіпсіздіктер туралы хабарламалар тікелей келіп түседі», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, мемлекеттік қызметтердің барлық бизнес процестеріне тыңғылықты сараптама жүргізу қажет. Ал бұл жұмыстарды ең алдымен жергілікті деңгейден бастаған орынды.

«Кәсіпкерлер палатасының жергілікті өкілдерін тарту қажет, әкімдер оған толық қолдау көрсетуі тиіс. Үкіметке жергілікті органдармен бірлесіп, кәсіпкерлер палатасымен өзара іс-қимылдар регламентін  бекітуді тапсырамын», - деді Н.Назарбаев.

Дерекнамасы: Казинформ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер