astana-view

Алматыда 6 900 адам «Жас кәсіпкер» және «Бастау» курстарын аяқтады

2019 жылғы 29 Қараша
- Алматы қаласы
6081 просмотров

Оңтүстік астанада кәсіпкерлік негіздеріне оқып шыққан тыңдаушыларға сертификаттар табысталды

 Бүгін Жетісу ауданындағы «Бақытта отбасы» орталығында «Бастау» жобасы тыңдаушыларына сертификаттарды табыстаудың салтанатты рәсімі өтті. Оқу аяқтаған 70 тыңдаушының ішінен 31-і көп балалы ана. Енді олар «Еңбек» бағдарламасы аясында 200 АЕК көлемінде мемлекеттік грант, немесе «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттарды ала алады.

 «Көп балалы аналарды оқыту Жетісу ауданы «Бақытты отбасы» орталығында басталды. Жоба барлық деңгейдегі кәсіпкерлерді біріктірді. Бұл жерде біз түрлі идеялар мен жобалардың пайда болуына, қызықты кейстердің куәсі болдық. Осындағы игерілген білім мен дағдылар өмірде кәдеге асады деген үміттеміз. Әсіресе оқуға қатысып, грант алуға мүмкіндік алған көп балалы аналарды қолдағымыз келеді. Бүгінгі таңда курсқа 70 адам қатысты, соның ішінде 31-і көп балалы ана. Барлық қатысушыларға табыс, жеке кәсіпте жетістік тілеймін», – деді Жетісу ауданы бойынша бизнес-тренер Руслан Шалқаров.

 «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру шеңберінде Алматыда 6900 адам оқуды аяқтады. Қазіргі таңда үшінші лектің қатысушылары грант алуға бизнес жоспарларын қорғап жатыр.

 «Бүгінде «Жас кәсіпкер» жобасымен 2 650 адам оқыды, бұл Neet категориясындағы жастар, «Бастау» жобасымен – 4 250 адам оқыды. Соның ішінде 153 адам – көп балалы аналар және көп балалы отбасының мүшелері», – деді Алматы қаласында «Бастау» жобасының жетекішісі Қуанышбек Ерниязов.

Оның айтуынша, жас бизнесмендерге жалпы сомасы 894 млн теңгеге 664 грант берілді. 335 млн теңге көлемінде гранттарды мүмкіндігі шектеулі жандар, көп балалы отбасы, аз қамтылған отбасы мүшелері, көп балалы аналар алды.

 Жоба тыңдаушылары «Бастау» командасына ризашылықтарын білдіріп, жоба жетекшісі мен бизнес-тренерлерге Алыс хаттарды табыстады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер