astana-view

ІІ жартыжылдықтан бастап қазақстандық автоөндірушілер Ресей нарығына шығуы мүмкін

2014 жылғы 11 Сәуір
2245 просмотров

Ағымдағы жылдың ІІ жартыжылдығынан бастап қазақстандық автоөндірушілер ресейлік нарыққа шығуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев мәлім етті.

Р.Ошақбаевтың айтуынша, қазақстандық автоөндірістің Беларусь пен Ресей нарықтарында экономикалық мүмкіндіктері жоғары.

«Алматы іргесінде құрастырылатын «Hyundai» автобустары туралы бірнеше рет айтқан болатынбыз. Былтыр Қазақстанда құрастырылған осындай 2,5 мың автобус, Калининградта осындай өнім шығаратын ресейлік зауыт орналасқанына қарамастан, Беларусь Республикасына жеткізілген болатын, себебі біздің өндірушілеріміздің бәсекеге қабілеттілігі жоғарылау болып отыр», - дейді ол.

«Енді Ресей нарығына шығу мүмкіндігі туып отыр. Осыдан 2 апта бұрын ғана біздің өнеркәсіптік құрастыру режимінің Ресейде қабылдануы туралы келісімге қол жеткізілді», -деді ол.

«Ағымдағы жылдың ІІ жартысынан бастап біздің «Азия Авто», «СарыаркаАвтопром» және «Астана моторс» сияқты компаниялар Ресейге белсендірек автокөлік экспорттай бастайды деген үміттеміз»,- деп түйіндеді өз сөзін Р.Ошақбаев.

Дерекнамасы: ortcom.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер