astana-view

Отандық көліктерімізді КО елдеріне экспорттауға бөгет болған «утилизациялық алым» сұрағы күн тәртібінен түсті

2014 жылғы 12 Сәуір
2521 просмотров

Отандық көліктерімізді Кедендік одақ елдеріне экспорттауға бөгет болған «утилизациялық алым» сұрағы күн тәртібінен түсті. Осылай деп бүгін «Астана» арнасының тілшілеріне Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төраға орынбасары Рахым Ошақбаев мәлімдеді.  

Рахым Ошақбаев, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары: 

Утилизациялық алым баяғыдан келе жатқан мәселе. Ресей біздің отандық көліктеріміздің экспортына бөгет жасап отыр деп біренеше рет шағымдандық. Ақыры екі апта бұрын Ресеймен келісімге келдік. Енді осы жылдың екінші жарты жылдығынан бастап қазақстандық автоөндірушілер ресейлік нарыққа шығатын мүмкіндікке ие болады. 

Сондай-ақ Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз отырысында Рахым Ошақбаев Қазақстан бизнес климаты жағынан Еуразиялық экономикалық кеңістікте озық тұрғанын айтты. Мәселен, бізде салық деңгейі төмен, жеке меншік құқықтары қатаң сақталады дейді ол. "Кез келген кәсіпкерлік субъектісі Үкіметке өз ұсынысын жолдау мүмкіндігіне ие. Дәл осындай тәжірибе Кедендік одақ құрамындағы басқа елдерде жоқ", - дейді.  

Дерекнамасы: Астана ТВ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер