astana-view

Капиталды амнистиялау ел экономикасына серпін береді

2014 жылғы 12 Сәуір
2187 просмотров

Қазақстан  жаңалықтары. Капиталды амнистиялауды ел іскерлері де қолдайды.

Бизнесмендердің айтуынша, Елбасы жариялаған қаржы амнистиясы Қазақстан экономикасын көлеңкеден күнгейге шығарып қана қоймай, бюджетін едәуір еселейді. Қазіргі таңда ел капиталына тартылған инвестиция көлемі 5,5 триллион теңгені құрайды. Оның 60 пайызы шағын және орта бизнес үлесіне тиесілі. Ал қалталылардың қаржысын тарту арқылы бұл көрсеткіш тағы да артуы ықтимал.

Нұржан Алтаев, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының орынбасары:

- Қазір ұлттық бизнесмендер аяғынан тік тұра алады. Сондықтан тек шетелден ғана емес, өз елімізге де инвестиция құюға шамасы келеді. Қазір қарап отырсақ, кей бизнесмендер шетелге барып қаржы құйып, жылжымайтын мүлік сатып алып жатады. Елбасымыз тапсырма берді. Сондықтан енді өз елімізге сол қаражатты тарту керек.

Дерекнамасы: 24kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер