astana-view

ЕЭО құру жөніндегі шарттың соңғы нұсқасы ҰКП-ның сайтында бір-екі күнде жарияланады

2014 жылғы 11 Сәуір
2334 просмотров

Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі шарттың соңғы нұсқасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сайтында бір-екі күнде жарияланады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Мамыр айында Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылады. Келісім 2015 жылдың бірінші қаңтарынан күшіне енеді. Осылайша, еуразиялық интеграция келесі кезеңіне қадам басады. Өздеріңіз білетіндей, 2010 жылы Кеден Одағы, одан кейін бірыңғай экономикалық кеңістік құрылған болатын», - деді Р.Ошақбаев. 

Оның айтуынша, Қазақстанның бизнес-қауымдастығы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңы арқылы осы шарт бойынша қазақстандық позицияны нақтылауға жоғары деңгейде тартылған. 

«Өткен жылдың қараша айынан біз Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сайтында шарттың өзекті нұсқаларын жариялап келеміз. Қазіргі уақытта шарттың бес нұсқасы орналастырылған. Соңғы 2 сәуірдегі нұсқасы қазір сайтта бар, бүгін-ертең алқаның қорытынды кеңесінің алдындағы шарттың соңғы нұсқасы жарияланады. Бұл барлық кәсіпкерлерге, қауымдастықтарға бұл құжатты зерттеп, өз ұсыныстарын беруге мүмкіндік береді», - деп қосты ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасының орынбасары.

Дерекнамасы: Вnews.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер