Рахым Ошақбаев ЕЭК енуден кейінгі болжамдар туралы айтты
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев ЕЭК енуден кейінгі болжамдар туралы айтты.
«Транспорттың төрт түрі бар: әуе- , темір жол, автокөлік, су асты. Автокөлік саласы бойынша беларустық тараптан дау туып жатыр. Бұл көліктік компаниялардың өз ішіндегі тасымалдаулар саласында болып отыр. Беларустық компаниялар Шымкенттен Қарағандыға тасымалдау құқықтары сынды рұқсатқа ие болғысы келеді. Олар бәсекелестікке қабілетсіз жағдайда болғандықтан мемлекеттен субсидияға ие болуды біз үшінші жақтағы мемлекеттер үшін жібермейміз», - деді Р. Ошақбаев.
Сондай-ақ, ол үш елдің темір жол көлігі арқылы келісім бар екенін атап өтті.
«Бұл сұрақ бойынша біз жақсы көрсеткіш байқап отырмыз. Бұрын КО аясында жүзеге асып жатқан ерекше тарифтер комиссия дәрежесінде өткізілетін болған. Ал қазір олар ұлттық деңгейге оралуда. Әрбір мемлекет өзінің ерекше тарифтерін ұсынатын болады», - деді Р. Ошақбаев.
Ерекше тарифтер жайында айтатын болсақ, ол темір жол тасымалына коэффициенттің төмендейтінін айтты.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың мамыр айында Еуразиялық экономикалық кеңесті құру бойынша келісім шарт құру жоспарлануда.
Дерекнамасы: Strategy-2050
Пікір қалдыру:
Пікірлер: