Р. Ошақбаев Еуразиялық ықпалдастықтағы ШОБ рөлі туралы баяндады
Еуразиялық ықпалдастығындағы ШОБ рөлі туралы баяндалды.Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев мәлім етті.
«Өткен жылдың қараша айынан біз Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сайтында шарттың өзекті нұсқаларын жариялап келеміз. Қазіргі уақытта шарттың бес нұсқасы орналастырылған. Соңғы 2 сәуірдегі нұсқасы қазір сайтта бар, бүгін-ертең алқаның қорытынды кеңесінің алдындағы шарттың соңғы нұсқасы жарияланады. Бұл барлық кәсіпкерлерге, қауымдастықтарға бұл құжатты зерттеп, өз ұсыныстарын беруге мүмкіндік береді», - деді ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасының орынбасары.
Оның айтуынша, Қазақстанның бизнес-қауымдастығы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңы арқылы осы шарт бойынша қазақстандық позицияны нақтылауға жоғары деңгейде тартылған.
Р. Ошақбаевтың айтуынша, бизнес-қауымдастықтың ұсыныстары қазақстандық тараптың ұстанымы ретінде қабылданып, үшжақты пішіннің қаралуына берілді.
Дерекнамасы: Strategy-2050
Пікір қалдыру:
Пікірлер: