astana-view

ҰКП мен «Астана ЭКСПО-2017» отандық кәсіпкерліктің қатысуымен арнайы бағдарлама дайындауда

2014 жылғы 12 Сәуір
2140 просмотров

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық аясында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясымен бірігіп отандық кәсіпкерліктің қатысуымен арнайы бағдарлама дайындауда, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап табысты жаппай жариялау енгізілетінін, ал одан кейін шығыстарды жаппай жариялау процесі басталатынын мәлімдеді. Осыған орай, Президент Ұлттық банкке Үкіметпен бірлесіп, капиталды амнистиялау туралы заң жобасын әзірлеуді және оны биылғы 1 маусымға дейін қарауға енгізуді тапсырды», - деді А.Мырзахметов.

Сонымен қатар, басқарма төрағасы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық аясында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясымен бірігіп отандық кәсіпкерліктің қатысуымен арнайы бағдарлама дайындалып жатқанын мәлімдеді.

Бұл жобаға шамамен 4 млрд доллар инвестицияланады, инфрақұрылым, ғимараттар салынады. Біздің міндетіміз – мониторинг пен отандық компаниялардың кері байланысын қамтамасыз ету. Біз компанияларды іріктеуде әділдіктің болуын, отандық компанияларға басымдық берілуін бақылаймыз. Қазақстанда 90 пайызға жуық құрылыс материалдары өндіріледі», - деді А.Мырзахметов. 

Ал Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Гүлнәр Құрбанбаеваның айтуынша, көрмеге дайындық жұмыстарына еріктілермен қатар, кәсіпкерлік субъектілерінің ресурстары да жұмылдырылмақ. 

Дерекнамасы: Strategy-2050


Еншілес ұйымдар

Серіктестер