astana-view

Қазақстан коронавирусқа қарсы қосымша сақтану шараларын енгізді

2020 жылғы 30 Қаңтар
9565 просмотров

ҚХР-да вирустық инфекцияның таралуына байланысты туроператорлар мен туристерге келесіні хабарлаймыз:

ҚР Үкіметі жанындағы Ведомствоаралық комиссия Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша бірқатар қосымша қорғаныс шаралар қабылданды:

  • 2020 жылдың 29 қаңтарынан бастап ҚР және ҚХР арасында автобуспен жолаушылар тасымалы тоқтатылды;
  • 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап ҚР және ҚХР арасындағы бағыттардағы жолаушылар пойыздары тоқтатылады:
  • ҚХР азаматтарына виза беру тоқтатылды;
  •  Халықаралық Теннис федерациясының 4-8 ақпан аралығындағы Федерация кубогінің іріктеу матчтарын ҚХР Дунгуан қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына ауыстыру туралы ұсынысы қабылданбады, сонымен қатар 2020 жылдың 12-16 ақпан аралығында өтетін су полосы бойынша Азия іріктеу чемпионаты кейінге қалдырылды.  

 «SCAT» авиакомпаниясы 29,31 қаңтар және 1 ақпан күні туристерді Қазақстанға қайтару мақсатында туристерді Хайнань аралына шығармай, Хайнаньға рейстерді орындайды. «Air Astana» жолаушылар осыған дейін ҚХР бағытына алынған билеттерді қайтаруға немесе қайта брондауды айыппұл санкцияларынсыз жүзеге асыра алатындары жайында хабарлады.

 Бұдан бөлек, 1 шілдеге дейін Қазақстан аумағында ҚХР-дан келген транзитті жолаушыларға арналған 72-сағаттық визасыз режим 1 шілдеге дейін тоқтатылды. Осыған дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетімен Туристік пакеттерді сатуды тоқтату және Қазақстан Республикасының азаматтары мен туристерінің ҚХР-ға кетуін шектеу ұсынылды.

 Қазіргі таңда  Қытай бағытына жұмыс істейтін ҚР-дағы барлық туркомпаниялар ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне келесі мәліметтерді беру қажет:

 - ҚР-на келуді жоспарлаған ҚХР азаматтары туралы ақпарат (кіруге дейін 7 күн бұрын);

ҚХР-ға баруды жоспарлаған ҚР азаматтары туралы ақпарат  (баруға дейін 7 күн бұрын).

 Анықтама ақпарат:  76-80-43, 76-81-65, немесе қысқа нөмір 1406, сонымен қатар электронды почта: togjann@mail.ru

Ведомствоаралық комиссияның хабарлауынша 29 қаңтардағы ахуалға сәйкес Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтыру фактілері тіркелмеген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер