astana-view

А. Мырзахметов кәсіпкелердің құқықтарын қорғауды күшейтудегі ҚКП ролі туралы әңгімелеп берді

2014 жылғы 12 Сәуір
2539 просмотров

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды күшейтудегі Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ролі туралы әңгімелеп берді.

Атап айтқанда, ҚР Президентінің ресми сайтына кәсіпкерлер жолдап жатқан арыз-шағымдарға қатысты мәселе бойынша.

«Біз сол сайтты жүргізетін Президент Әкімшілігінің шешімін күтеміз. Мүмкін қазір бұл іске Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңесті қосуымыз мүмкін және жоғарыда айтқан шағым-арыздарға дереу үн қату үшін сайт материалдарына автоматты түрде қосылу мүмкіндігіне ие болатын шығармыз», - деді А.Мырзахметов өз сөзінде.

«Мәселенің техникалық жағын ойластырып жатырмыз. Арыз-шағымдарды қарау және дереу байланыс орнату үшін сайтқа автоматты түрде қосылу мүмкіндігіне ие болуымыз мүмкін. Және сайтта біздің байланыс телефондарымыз да көрсетілетін шығар. Әкімшілік арыз-шағымдарға қатысты мемлекеттік органдардың немесе құқық қорғау органдарының реакцияларын бақылайтын және бізге көмектесетін болады. Біз бұл жұмыс тойынба ортақ талдау жүйесін жүргізетін боламыз», -деді Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма басшысы А.Мырзахметов.

Дерекнамасы: ortcom.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер