astana-view

Дуальды білім беру жүйесін институционалдық тұрғыдан дамыту керек - А. Мырзахметов

2014 жылғы 12 Сәуір
2538 просмотров

Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кәсіби техникалық білім берудің қолданыстағы жүйесін толығымен дуальды білім беру жүйесіне көшіру туралы тапсырма берген болатын. Бүгін ОКҚ брифингінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов осы мәселеге орай бірінші кезекте шешуді қажет ететін проблемаларға тоқталып өтті.

«Бізде жұмыс тобы құрылған. Ең алдымен, бізде кәсіптік-техникалық білім туралы жеке заң қабылдау қажет. Қазір нақты заңнамалық база жоқ – кімнің немен айналысатыны туралы. Әрине, білім туралы заң, ал онда кәсіптік-техникалық білімге қатысты шағын тарау бар», - деді А.Мырзахметов өз сөзінде.

Басқарма төрағасы өз сөзінде сондай-ақ, бұл жүйені институционалдық тұрғыдан дамыту керек екенін атап көрсетті.

«Біріншіден, министрлікте осы мәселемен айналысатын кішкентай департамент және әкімдіктердің басқармаларында шағын бөлімдер бар. Яғни, онда жұмыс істейтін адамдардың саны да аз, мәртебелері де тым төмен. Осы мәселені көтеру керек. Жеке заң да жоқ. Істі осы екі мәселеден бастау керек. Біз министрлікпен бірлесіп, осы мәселемен айналыспақпыз», -деп түйіндеді өз сөзін А.Мырзахметов.

Дерекнамасы: ortcom.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер