astana-view

Әдістеме кедейлік деңгейін анықтайды

2020 жылғы 13 Ақпан
11361 просмотров

Қазақстанда кедейлік деңгейі 2 есе төмендетілген. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің атаулы әлеуметтік көмек алушылардың шекті сомасын ең төменгі күн көріс деңгейінен 100%-ға жоғарылату бойынша ұсынысы көрсеткішті өсіре түседі

 Статистика бойынша 2019 жылдың ІІІ тоқсанында ең төменгі күнкөріс деңгейі 31 120 теңгені құрады. Ал кедейлік деңгейінде небәрі 4,5% қазақстандық тіркелген. Алайда,  Дүниежүзілік банктің 2015 жылы жүргізген тәуелсіз есептеулеріне сүйенсек, Қазақстанда халықтың 26%-ы кедей саналған.

 Халықаралық рейтинг үшін Дүниежүзілік банк жыл сайын кедейлік деңгейін сатып алу қабілеттіліктің паритеті бойынша бағалайды. Ресей секілді Қазақстан да табыс деңгейі орташадан төмен ел, демек, кедейлік деңгейі күніне 5,5 АҚШ долларын құрайды. Түсінікті болу үшін бұл шамамен 64 мың теңге. Аталған көрсеткіш белгіленген ең төменгі күн көріс деңгейінен  2 есе жоғары.

Ал Дүниежүзілік банктің деректері бойынша Ресейдің ең төменгі күнкөріс деңгейі 2019 жылдың ІІІ тоқсанында 11 012 рубльге тең (65 500 теңге) болған.

 Статистика комитетінің деректері бойынша 2018 жылы кедейлік шегінде халықтың 7,4%-ы болған. Егер медианалық есепке жүгінетін болсақ, 2018 жылы кедейлік деңгейі 10%-ды құрады. Медианалық есептеу тәсілі Еуроодақ және ЭЫДҰ елдерінде кең таралған, онда табыс ұлттық медианалық табыстан 60%-ды құрайды.

 Неге нақты деңгей 2 есе төмендетілген?

 Қазақстанда кедейлік деңгейі табысы күнкөріс деңгейінен төмен халықтың саны және үлесімен өлшенеді. Осы ретте басты критерий – тұтынушылық себет. Бірақ әдістеменің осал тұстары бар:  

  • Тауарды іріктеуді үй шаруашылықтардың әрекеті негізінде емес сарапшылар мен диетологтар жүргізеді.
  • Ең төменгі күн көріс деңгейі – өмірдің белгілі бір деңгейіне қажетті табыс. Халықаралық тәжірибе табыстан гөрі үй шаруашылықтардың тұтынуы – кедейлікті өлшеуде әл-ауқаттың қолайлы көрсеткіші екенін көрсетуде. Сондықтан халықаралық практикада табыстың емес тұтынуға негізделген әл-ауқат көрсеткіштері пайдаланылады.

Егер мемлекет кедейлік деңгейін ағымдағы деңгейден жоғары екенін растаса, бұл бап бюджетке шығын әкеледі. Мәселен, 2016 жылы үкімет әлеуметтік жәрдемақыға ЖІӨ-нің 1%-ын жұмсады.

Айта кетелік, 2016-2019 жылдар аралығында «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» бабы бойынша шығындар 1,9 трлн теңгеден 3,5 трлн теңгеге дейін өскен (84%).

 Қазақстан 2019 жылдың ІІІ тоқсанында атаулы әлеуметтік көмекті беру критерийлерін қайта қарап, кедейлік шегіндегі адамдар санын 11%-ға дейін өсірді. Нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмекті алушылар саны 88 есеге артты.

 Не істеу керек?

Кедейлікті дұрыс бағалау және себептерін түсіну тиімді шешімдер қабылдауға және әлеуметтік шиеленісті төмендетуге ықпал етеді. Мәседен, Дүниежүзілік банктің талдауы аса кедейлер тобында көп балалы (3-4 баладан көп) отбасылар басым екенін көрсетті. Әлеуметтік төлемдерді саралай келе, балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы жүйесі – ең тиімді саналады. Оны жүзеге асыруға бөлінген әр теңге үшін кедейлік алшақтығы 0,605 теңгеге қысқарады.

 Осылайша, балаларға немесе балалары бар отбасыларға бағытталған жәрдемақы жоғары тиімділікке ие болады.

«Атамекен» ҚР ҰКП Сараптамалық тобы


Еншілес ұйымдар

Серіктестер