Бизнеспен диалог орнатуға құлықсыз шенеуніктерді қызметінен кетіруге күш саламыз – А.Мырзахметов
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнеспен диалог орнатуға құлықсыз жергілікті жерлердегі шенеуніктерді қызметінен кетіруге күш салмақ. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Диалог Ұлттық палата сияқты институттың жұмыс істеуіне өте қажет. Заң бар, біз өңірлік кеңестер құрдық. Астана әкімі өзі ай сайын кәсіпкер сағатын өткізуге ынта танытты. Барлық басқармалардың өкілдері келіп, кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап береді», - деп атап өтті А.Мырзахметов.
Бірақ, оның айтуынша, өңірлерде мұндай жүйелі жұмыс жоқтың қасы.
«Біз жүйе болғанын қалаймыз, бірақ әлі тендерлік рәсімдерге қатысып жатқан үш кәсіпкерді шақырып, қандай диалог құруға болады. Олардың ешқандай мәселені түсінбейтіні белгілі. Бір сағат бұрын материалдар таратады немесе алдын ала не айту қажеттігін ескертеді және осының бәрі әкімдікте өтеді», - деді басқарма төрағасы.
Оның айтуынша, жергілікті шенеуніктердің бизнеспен кездесуге уақыты жетпейді-міс.
«Ұлттық кәсіпкерлер палатасының барлық күшімен мұндай шенеуніктерді қызметінен кетіруге тырысатын боламыз», - деп қадап айтты А.Мырзахметов.
Дерекнамасы: Bnews.kz
Пікір қалдыру:
Пікірлер: