ҚР Президентінің бизнесті дамыту бағытындағы тапсырмаларын орындау жоспары 10 күн ішінде дайын болады
ҚР Президентінің бизнесті дамыту бағытындағы тапсырмаларын орындау жоспары 10 күн ішінде дайын болады.
Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов мәлім етті.
«Бұл жоспарға шұғыл әрі таяу 2-3 айдың ішінде шешілуі тиіс тапсырмалар енгізіледі. Бұл мәселе кеше Өңірлік даму мининстрігінде қарастырылды әрі нобайы да бар»,- деді ол.
А.Мырзахметовтің атап өтуінше, алдағы дүйсенбі күні арнайы жұмыс тобы құрылатын болады. Оған ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев басшылық жасайды. Жұмыс тобының құрамына кәсіпкерлер де кірмек.
«Бағдарлама шамамен 2-3 айдың ішінде дайын болады. Ол бірінші кезекте кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған барлық бағдарламаларды қамтуы тиіс. Бұл бағдарламаларды топтастыру үшін саралап, тексеру қажет», - деді басқарма төрағасы.
Дерекнамасы: Казинформ
Пікір қалдыру:
Пікірлер: