astana-view

«Атамекен» ҰКП қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауысты

2020 жылғы 15 Наурыз
14218 просмотров

Азаматтардың денсаулығын сақтау және Қазақстанда коронавирустың таралуымен күрес жүргізу мақсатында «Атамекен» ҰКП басшылығы барлық бизнес-процестерді сақтай отырып, ұйымның жұмысын қашықтықтан жұмыс істеу режиміне мүмкіндігінше ауыстыру бойынша шешім қабылдады

 Еске салсақ, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус инфекциясының пандемиясын жариялады. Келесі күні Қазақстан Үкіметі күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим мен оған қатысты арнайы шаралардың енгізілгені туралы хабарлады. Осыған байланысты орталық аппарат және өңірлік палаталардың барлық жұмыс процестері қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылады.

 Ұлттық палатада жұмыс орнына қажеттілік бойынша шығатын қызметкерлерге кезекшілік режимі қарастырылған, қорғану құралдары – маскалар мен қол гигиенасына арналған құралдар беріледі.

 Кәсіпкерлерге арналған қызметтердің көрсетілу тәртібі:

  • Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметі services.atameken.kz сайтында онлайн форматына ауыстырылады. Облыс орталықтарында кезекші қызметкерлер ғана жұмыс істеп, онлайн қызметтермен қалай пайдалану қажет екенін көрсетіп, түсіндіретін болады. Аудан орталықтарында мұндай функцияны филиалдар директорлары мен кеңесшілер атқарады;
  • «Бастау», «Бизнес Мектеп» (осыған дейін «Бизнес Кеңесші», Бизнес Өсу») бағдарламалары бойынша оқуға қатысу өтінімдері email арқылы онлайн қабылданады. Мекенжайларды өңірлік палаталардан телефон арқылы немесе 1432 нөмірі арқылы анықтауға болады;
  • Сертификаттау қызметтері бойынша өтінімдер – онлайн режимінде қабылданады, ал консультацияларды өңірлік кәсіпкерлер палаталарында телефон арқылы алуға болады, төтенше қажеттілік орын алған жағдайда кезекші қызметкер кәсіпкерге сол жерден кеңес береді;
  •  Барлық жұмыс жиналыстар онлайн режимге ауысады.

Коронавирус өршуі салдарынан кәсібі зардап шеккен кәсіпкерлер үшін Ұлттық палата базасында Отандық бизнеске жағымсыз әсерді азайту жөнінде жедел штаб жұмысын жалғастырады. Қазіргі таңда штаб кәсіпкерлердің проблемалары мен тәуекелдері туралы ақпаратты, сондай-ақ бизнеске келтірілген зардапты азайту бойынша ұсыныстарды жинау және талдаумен айналысып жатыр.

 Бұдан бөлек, штаб күнделікті негізде бизнеске қатысты ағымдағы ситуация жайында ақпараттандыратын болады. Ақпаратты Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми сайтынан atameken.kz, әлеуметтік желілерде Facebook және Instagram, сондай-ақ штаб жетекшісінің орынбасары – Шыңғыс Темірдің парақшасынан табуға болады.

 Барлық кәсіпкерлерді сілтемедегі сауалнаманы толтырып, таратуды, сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП call-орталығына 1432 хабарласуды сұраймыз. Сонымен қатар call-орталықтан қажетті бөлімдердің нөмірлері, мекенжайлары мен электронды пошталарын нақтылауға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер