astana-view

«Атамекеннің» жұмыс орындарын сақтау және бағаны ұстап тұру бойынша ұсыныстары

2020 жылғы 21 Наурыз
13793 просмотров

12 наурыздан бастап Ұлттық палата төтенше жағдай режимін енгізу және карантиндік шараларға байланысты бизнеспен бірлесіп, ситуацияны белсенді түрде саралап жатыр.  Осы уақыт аралығында «Атамекенге» 7 мыңнан астам кәсіпкер жүгінді, олар келтірілген залал мен шешуді қажет ететін проблемалар жайында айтты.

Жиналған деректерді нәтижесінде ҰКП сарапшылары жұмыс орындарын сақтау және бірінші қажеттіліктегі тауарларға баға деңгейін ұстап тұру бойынша шаралар топтамасын әзірледі.  

 

  Жұмыс орындарын сақтау бойынша 8 шара:  

Бірінші

Жұмыстан босаған қызметкерлер санын анықтау үшін қиындыққа ұшыраған салалардағы (демалыс, туризм, сауда және қоғамдық тамақтану) кәсіпкерлерден жаппай сауалнама алу керек.

Ол үшін:

  • «Атамекен» ҰКП әзірлеген сауалнама базасында бірыңғай сауалнама әзірлеу;
  • сауалнаманы мемлекеттік ІТ-плтаформалар арқылы (eGov, Enbek.kz және басқа да тәсілдер) іске қосып, оны «кері байланыстың» ресми арнасы ету;
  • «Қазақтелеком» АҚ базасында ел ауқымындағы колл-орталықты іске қосу, оның жұмысы ҰКП онлайн-сауалнамасы деректерімен бірге жедел шараларды қабылдау мақсатында Үкіметке жолданатын болады.

Екінші

  Өтеу құралы ретінде 3 айға дейін кезеңге жұмыс орындарын сақтау бойынша шығындарды өтеуді ұсынамыз. Бұл мақсатқа «Еңбек» мемлекеттік бағдарлама қаражатын (босатылған қызметкерлердің саны ұлғаюын есепке ала отырып 100 млрд теңге) бөлуді ұсынамыз.

 Бизнестің ҰКП-ға жасаған өтінімдері қызмет саласында жұмыс берушілердің шамамен 60%-ы қызметкерлерді жұмыстан босатуды жоспарлап отырғандарын көрсетті. Ары қарай бұл көрсеткіш өсуі мүмкін. Алдын ала есептеулер бойынша ең төменгі еңбекақыны төлеу үшін қызмет көрсету саласында  қызметкерлердің 30%-ын босатудың өзі 65 млрд теңгені қажет етеді. Осы ретте есеп бірқатар кәсіпорын қызметкерлеріне ең төменгі еңбекақыны бір-екі ай ғана төлей алатынын көрсеткен.

Жұмыс берушілер/ қызметкерлерден өтемақыға өтінім қабылдау үшін әкімдіктер жанындағы өңірлік штабтар базасында жергілікті атқарушы органдар, жұмыспен қамту басқармалары, кәсіпкерлердің өңірлік палаталары, кәсіподақтар, «Нұр Отан» партиясы өкілдерінен құрылған жұмыс топтарын құру керек (мақұлдау бойынша).

 Жұмыс топтары төтенше жағдайға байланысты штат санын қысқару негізділігін, сондай-ақ заңнамамен қарастырылған құжаттардың (бұйрық, еңбек шарты, міндетті зейнатақылық төлемдер, МӘМС) болуын қарастырады деп күтілуде.

 Үшінші

 Жұмыстан босап қалған қызметкерлерді онлайн режимде оқыту, қайта оқыту және біліктілігін жоғарылату қажет деп санаймыз.

3 айлық демалыста болуға мәжбүр қызметкерлер үшін онлайн режимде біліктілікті жоғарылату курсын өтуді ұсынамыз. Оқу кезінде ең төменгі еңбекақы төлемін (42,5 мың теңге) сақтай отырып, 16,7 мың теңге көлемінде шәкіртақы төлеуді қарастыру қажет. Сонымен қатар зардап көрген кәсіпорындардың жетекшілеріне орын алған кризисті өз кадрлары сапасын жоғарылату үшін қолдануды ұсынамыз.

 Алайда мәжбүрлі демалыста қалған қызметкерлерді ғана оқытумен шектелмеуге кеңес береміз. Жұмыссыздарды Жұмыспен қамту орталықтарының бағыттары бойынша пандемиядан кейінгі экономика жағдайында сұранысқа ие дағдылар және мамандықтарға оқыту маңызды.

 Онлайн оқыту кәсіпорындар жанындағы оқу орталықтары дамуының жаңа құралы болмақ, өйткені олар онлайн оқыту контентін қалыптастырып, практикадан өтуге орынды ұсынатын болады. Оқу процесін қаржыландыру «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен қарастырылған, оқуға қатысушыларға 16,7 мың теңге көлемінде шәкіртақы төленеді.

 Онлан кезеңді «Atameken Academy» платформасында ұйымдастыруды ұсынамыз, платформа тегін табысталады, шығындар контент құруға кетеді.

 Келесі алгоритмді ұсынамыз:

  1. Оқу процесіне жіберілген оқу орталығы Порталда тіркеледі.
  2. Оқу орталығының қызметкерлері оқыту бейнероликтерін жасап, Платформада жариялайды, ҰКП қызметкерлері оқу курсын жасау кезеңінде кеңес беріп, қолдау көрсетеді.
  3. Оқыту курсын оқуға қатысушы өзі немесе жұмыс берушімен бірлесіп таңдайды.
  4. Онлайн оқуға қатысқан соң теорияны бағалау бойынша онлайн тестілеу өтеді.
  5. Жұмыссыз оқуға қатысушыға териялық білімді бекіту үшін оқу курсын әзірлеген кәсіпорынға жолдама беріледі.
  6. Практикадан кейін қатысушыға сертификат беріледі.

Ұсынылған шаралардың оң нәтижесі:

 -төтенше жағдай режимін енгізу нәтижесінде табыс көзінен айырылған халықты базалық қажеттілікпен қамтамасыз ету;

-халықты сұранысқа ие дағдыларға оқыту;

- кәсіпорындар кадрлары сапасын арттыру «бар біліктілікті жоғарылату);

-төтенше жағдай режимінде оқу/ білім беру орталықтарының жұмысын қамтамасыз ету.

Төртінші

Төтенше жағдай кезінде жұмыс берушілердің штатты ұстау бойынша шығындары Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен өтеуді сұраймыз.

Кәсіпорындар форс-мажор себінен тоқтап тұр. Жұмыс берушілер тұрып қалу кезінде қызметкерлерге ең төменгі еңбекақы төлеуге міндетті.

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңы 3-бабының нормасын: төтенше жағдайды енгізуге байланысты табыстан айырылу жаңа сақтандыру жағдайы толықтыруды ұсынамыз. Бұл Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жинақталып (1,4 трлн теңгеден астам) келген қаражаттың жартысын бизнестің шығындарын өтеуге бағыттауға мүмкіндік береді.

Бүгінде Заңмен сақтандыру жағдайының 6 түрі бойынша төлемдерді қарастырылған:

  1. еңбекке жарамыдылықтан айырылған жағдайда;
  2. асыраушыны жоғалтқан жағдайда;
  3. жұмысты жоғалтқан жағдайда;
  4. жүктілік және бала босануға байланысты табыстан айырылу жағдайында;
  5. жаңа туған баланы (балаларды) асырып алуға байланысты табыстан айырылу жағдайында;
  6. баланың бір жасқа толуына дейін баланы күтуге байланысты табыстан айырылу жағдайында.

Заңды жаңа жетінші жағдай – төтенше жағдайды енгізуге байланысты табыстан айырылу жағдайымен толықтыруды ұсынамыз.  

Бесінші

Жұмыс берушілерге «сұр»/ресми емес еңбек қатынастарын заңнамамен қарастырылған айыппұлдық санкцияларды қолданбай заңдастыруға мүмкіндік беру.

Ол үшін:

  • зейнетақылық және әлеуметтік аударымдар бойынша қарыздарға рақымшылық қолдану;
  • егер компаниялар ресми еңбек шарттарын жасамалмаған қызметкерлері туралы хабарлап, растайтын болса, онда оларды  ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік айыппұлдарды төлеуден мен қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босату қажет.

 Сыбайлас жемқорлық және бюджеттің тиімсіз шығындалуына жол бермеу үшін келесі механизмді қолдану керек:

  • жұмыс беруші ағымдағы датада рәсімделмеген қызметкермен еңбек шартын жасайды (заң бойынша келісімшарт 12 айға жасалады);
  • ресми рәсімделген қызметкерлер 3 ай бойы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдерді алуға құқылы;
  • жұмыс беруші өзіне қарымта жауапкершілікті алады – қызметкерлерді келісімшартты жасау күннен бастап 6 ай бойы жұмыстан шығармауға, ал егер шарттарды бұзса, онда оның қызметкерлеріне жұмсалған мемлекеттік қаражатты қайтаруға міндеттеледі.

Алтыншы

Халықпен қарым-қатынаста проактивті форматты кең таратуды ұсынамыз – Жұмыспен қамтудың мобильді орталықтары және жұмыссыздарға қоңырау шалу.

Жоба 2019 жылы іске қосылып, 137,3 мың адамды қамтыды. Жұмыссыздарға жұмысқа тұрғызу, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, қайта оқыту бойынша мүмкіндіктер мен шаралар түсіндірілді.

 Нәтижесінде:

  • 25 мыңнан астам адам қысқа мерзімді оқуға жіберілді;
  • кәсіпкерлік негіздеріне оқуға 8 мыңнан астам адам жіберілді;
  • 19 мың адам психологиялық кеңес алды.

«Атамекен» ҰКП-да сарапшылар жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар бойынша базаны жинақтады, сонымен қатар серіктестермен бірлесіп, үш қала бойынша бос жұмыс орындарының базасы әзірленді. Дағдарысты ситуацияда бұл тәжірибені республика аумағында қолданып, босап қалған кадрларды бос жұмыс орындары бар жерлерге орналастыруға болады.

Сондай-ақ, зейнетақылық аударымдары жоқ халыққа жоғарыда айтылғандай «Қазақтелеком» АҚ базасында ел ауқымындағы колл-орталық арқылы  қоңырау шалып, қолдау шараларын түсіндіріп, сауалнама жүргізуге болады (Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жеке деректер бар).

Жетінші

 Тұрақты табыспен қамтамасыз ету үшін «Тұрмысы төмен халықтың (атаулы әлеуметтік көмек алушылар) табысын арттырудың жол картасын» әзірлеуді қолдауды сұраймыз  (Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҰКП, жергілікті атқарушы органдар).

 Жол картасын әзірлеу үшін керегі:

 а) атаулы әлеуметтік көмекті әр алушыға картотеканы енгізіп, жүргізу, онда отбасындағы кәсіпкерлікті жүргізуді алып кете алатын ары қарай тұрақты табыс –  экономикалық зәкір немесе драйвер бола алатын белсенді мүшені анықтау/табу;

ә) ағымдағы жылдың екінші тоқсанында ҰКП тұрмысы төмен халықты (АӘК алушылар) онлайн оқытуды қолға алмақ.
оқуға әлеуетті қатысушы тұрғылықты жері бойынша Жұмыспен қамту орталығына хабарласады да оқуға жолдама алып, Порталға онлайн өтініш қалдырады. Қатысушы төлеуге қабілеттілік және сенімділікке онлайн скоринг өтеді. Оқу курсы 12 базалық модульден тұрады. Әр модульді зерттеген соң тыңдаушы тестілеуден өтеді. Әр модуль бойынша 60%-дан жоғары балл жинау керек, осылайша келесі модульге рұқсат беріледі. Сондай-ақ оқу процесінде қатысушы өз жобасы бойынша Порталда бизнес-жоспар құрады.

Оқу барысында қатысушыларға зәкірлі кәсіпорындарға арналған өндіріс пен жеткізуге бағытталған жобалар ұсынылады.

б)  онлайн режимде кеңес беру, бизнес-жоспар құруға атсалысу және аудандарда (елдімекен) (ЖАО ҚКП) бөлумен оқыту өткізу үшін байқау негізінде  қолдағы  12 бизнес-тренерді (ҰКП пулында 3 жыл ішінде 300-ден астам тренер жиналды) жұмылдыру мен оқу орталықтарын жұмылдыру;

 в) осы санаттағы халықтың кепілзатының болмауы немесе жобаның орташа сомасын арттыру мақсатында олардың өтімділігі болмағанын есепке ала отырып, кепілдендіру құралына грант беруге қарастырылған қаражатты қайта бөлу (Еңбек министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі);

г) тыңдаушыларға жабдық, мал және құсты әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы сатып алу үшін лизингтік қаржыландыруды қарастыру (Ұлттық жкономика министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, ЖАО);

 д) тыңдаушыларға жер учаскілер, өндірістік алаңдарды жеңілдікпен бөлуді қарастыру (ЖАО);

ж) өңірдің зәкірлі кәсіпорындарын есепке ала отырып өткізу тізбелеріне қосылуға көмектесу (ЖАО, ҰКП).

Экономикалық зәкірлерді анықтау, сондай-ақ  мемлекеттік қолдау шараларына: оқыту, гранттық қаржыландыру және микронесиелеуге қатысуға тарту мақсатында 97 мың көп бабалы және аз қамтылған отбасына – атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға қоңырау шалу үшін «Қазақтелеком» АҚ базасында колл-орталықты қолдану.

 Сегізінші

 Бірінші қажеттіліктегі тауарлар бойынша өндірістік қуаттылықты дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын келесі механизм бойынша құру қажет:

 1) Әлеуметтік азық-түлік тауарлары тізбесінен (19 аталым), азық-түлік емес тауарлар (гигиеналық құралдар, тұрмыстық химия, дезинфекциялық құралдар) және дәрі-дәрмектен (дәрумендер және иммунитет көтеретін препараттар, ыстық түсіретін, вирусқа қарсы құралдар, маскалар, антисептиктер және т.б.) тұратын бірінші қажеттіліктегі тауарлар тізбесін (БҚТ) Мемлекеттік комиссия шешімімен бекету үшін ұсыну.

 2)  Ел ауқымында жүргізілген скрининг қорытындысын және кәсіпорындардың үлкен ауқымы мүмкіндіктерін пайдалана отырып, олардың «Кластерлік кооперативтерге» біріктіру.

 Кластерлі кооператив локомативі ретінде бірінші қажеттіліктегі тауарлардың әр түрі бойынша экономикалық интеграторды анықтау.  (мысалға Дарменов Ж., «Жанарыс» ЖШС, Алиев Б., «Dala Fruit» ЖШС, И. Сауэр, «Агрофирма «Родина» ЖШС, Пангереев, Ж., «Каспий Плюс» ЖШС, Б. Атайбеков,  «Dinara ranch» ЖШС, Б. Уәлиев,  «Агрофирма TNK» ЖШС және басқалар.

 Ауыл және кенттер деңгейінде жеке қосалқы шаруашылықты жүктеу және өткізу тізбегіне қосу үшін шағын экономикалық ингераторларды анықтау.

 Ол үшін «Ауыл шаруашылығы коппераицялар туралы» ҚР Заңына шикізат өндірушілері, жеткізуші ұйымдар, көліктік-логистикалық компаниялар, өңдеушілер, тыңайтқыштар мен шығын материалдарын жеткізушілер мен өндірушілер, сауда объектілері және т.б. болуы мүмкін оған мүшелердің өлшемдерін анықтаумен түсініктер енгізу.

 3) кооперацияларға қатысушыларға өндірісті ұлғайту, жаңа жұмыс орындарын құру, технологиялық талаптарға сай болу, ауылшаруашылық құзыреттерді енгізу, өнімнің кем дегенде 70%-ын ішкі нарықта сату, жатақханалар, асханалар, спорт залдары, мектепке дейінгі мекемелерді салу бойынша қарымда міндеттемелерін енгізу.

 4) ҰКП жүргізген скрининг қорытындысы бойынша өндірісті жүктеумен мәселелері бар, сондай-ақ кеңетуді көздейдітн 60 мың кәсіпкерден құрылған пул анықталды. Олармен жеке жеке жұмыс орындарын құру бойынша қарсы міндеттемелерді ескере отырып, әрі қарай дамыту үшін қажетті мемлекеттік қолдау мәселелерін пысықтау керек. Осы ретте осы кәсіпорындарды өткізу және әкімшілік кедергілерді азайту бойынша қолдау керек.

 5) басқа мамандық бойынша жоғары оқу орынларын бітірген мамандарды ары қарай кәсіпорындарға жұмысқа тұрғызумен қайта оқыту, түлектер арасында жұмыссыздық деңгейін төмендету.

 6) Бизнестің интеграциясын ынталандыру мақсатында «кластерлі кооперация» қатысушылар (мүшелері) мен олардың интеграторларына қосымша ынталандыратын мемлекеттік қолдау шараларын  беру (АЭА аналогиясы бойынша).

 Осы ретте кластерлік кооперацияға қатысушыларға қолдау шаралары өңірлердің аумақтың ерекшелігіне қарай  республикалық және өңірлік шараларға бөлінеді.

 Өңірлік қолдау шаралары территория кескінінде өнім өндірісін дамытуға бақытталған (жер бөлу, инфрақұрылым жүргізу, жергілікті субсидиялау және несиелеу, өткізуге көмектесу және т.б.).  несиелер  мен субсидиялар түрінде аймақтық қолдау шараларын ұсынатын негізгі оператор ретінде әлеуметтік және кәсіпкерлік корпорациялары бекіткен жөн.

«Кластерлік кооперативтер» жобасы үш деңгейлі экономикалық экожүйенің үшінші, жоғарғы деңгейіне айналуы тиіс, оған екі бастапқы деңгей кіреді:

бірінші деңгей- жеке қосалқы шаруашылықтар (ЖӨШ) деңгейінен микро, шағын кәсіпорындар деңгейіне дейін;

екінші деңгей- микро, шағын кәсіпорындар деңгейінен орташа тұрақты компаниялар деңгейіне дейін;

үшінші деңгей - «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы деңгейіндегі тұрақты кәсіпорындар (дайын өнім шығару).

Жобаны іске асыру және жеке қосалқы учаскелер мен кәсіпкерлерді үш деңгейлі жүйеге барынша тарту үшін Вице-премьер Р. Скляр басқаратын жобалық кеңсенің шеңберінде өңірлік подофистерді құруды ұсынамыз.

Бірінші кезектегі қажетті тауарлар бағасының деңгейін тұрақтандыру жөніндегі шаралар

Бағаны тұрақтандыру үшін әрбір өңірлік штаб деңгейінде жергілікті атқарушы органдар, өңірлік кәсіпкерлер палатасы және «Нұр Отан» партиясы өкілдерінен жұмыс тобын құру қажет (келісім бойынша).

Жұмыс тобы:

-  қажетті өнімдер мен бірінші қажеттіліктегі тауарлар қорының ағымдағы көлемін айқындау және анықтау. Бұл тізбе әлеуметтік маңызы бар өнімдердің 19 түрінен тұрады және Үкіметтің қаулысымен айқындалған (№145).

- көрсетілген позициялар қорларының деңгейін үнемі мониторингілеу;

- өңірдің барлық ірі жеткізушілері мен өндірушілерінің тізілімін жүргізу.

Егер қорлар қажетті деңгейден төмен болса (негізінен бұл импортталатын тауарлар), онда жұмыс тобы мұндай жеткізушілер үшін қолдау шараларын айқындайды, мысалы, дағдарысқа дейінгі бағаларды қолдау үшін баға айырмасын субсидиялау түрінде.

Саудагерлер мен дистрибьюторлар, сондай-ақ осы тауар позицияларын өндіретін немесе жеткізетін өндірушілер үшін ЕДБ арқылы жылдық 6%-бен («қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша) немесе ӘКК арқылы олардың азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді үздіксіз жеткізуі үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөле отырып, айналым қаражатын бөлуді ұсынамыз.

Сондай-ақ, тауарлар мен күнделікті тауарларды онлайн режимінде жеткізу қызметтерін (мысалы, Arbuz.kz) қойма көліктері мен айналым қаражаттарына қол жетімділік бойынша қолдау қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер