astana-view

Ұлттық палатада кепілдік қоры құрылмақ

2014 жылғы 14 Сәуір
2272 просмотров

Кәсіпкерлермен жұмыс істегісі келмейтін әкімдер орындарында көп отырмайды. Бұл Отандық кәсіпкерлер Ұлттық Палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметовтың мәлімдемесі. 

Абылай Мырзахметов, ҚР Кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы: 

А у нас в акиматах, видите ли, заместителям акимов тяжело пойти и поговорить с бизнесменом. Знаете, я вот такое услышал. Говорит, ваша региональная палата меня вызывает на совещание. Ну, о чем говорить здесь, если Глава государства говорит о массовом развитии предпринимательства, я считаю что таким замакимам не будет места. Через вас хотим послать сигнал. Мы ни с кем не хотим ругаться, выяснять. 

Сондай-ақ, Палата төрағасы журналистермен кездесуде шағын кәсіпкерлікке қолдау ретінде биылдан бастап кепілдік қорын құру туралы мәселесі қолға алынып жатқандығын айтты. 

Оның пайымдауынша, бұл бастама кепіл заты болмай, банктерден несие ала алмай жүрген жұртшылыққа демеу болмақ. Ауылдық жерлердегі азаматтар кәсіпкерлікпен айналысамын десе кепіл мүліктері болмайды. Бүгінде ешбір банк шалғайдағы жылжымайтын мүлікті кепілдік көзі ретінде қарастырмайды. Ал палата өз ретінде аталған қорды құру арқылы бастаушы бизнесмендерге кепілгер бола алады. 

Абылай Мырзахметов, ҚР Кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы: 

Жаңағы қордың құрылуы көптен күтіп отырған мәселе. Сондықтан, біз бұл қордың биыл күз айынан бастап ашып, ауылдағы, әсіресе осыны күтіп жүрген азаматтардың осының пайдасын көруге жағдай жасаймыз. 

Дерекнамасы: Астана ТВ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер