astana-view

«Атамекен» және «Kazakh Tourism» бірлескен Жол картасына қол қойды

2020 жылғы 08 Сәуір
35196 просмотров

Жол картасы ұлттық туристік өнімді қалыптастыруға, салаға мемлекеттік қолдау шаралары және дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бағытталған

 Жол картаға қол қою рәсімі COVID-19 вирусы пандемиясының өршуіне қатысты ағымдағы ситуацияға байланысты онлайн форматында өтті. Жол картасы 27 іс-шарадан құралған 5 бөлімнен тұрады, оларды 2020-2021 жылдары іске асыру жоспарланған. Негізгі басымдық ұлттық туристік өнім және туристік инфрақұрылымның дамуына берілген.

 «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева ағымдағы кезеңді тиімді өткізіп, адамдар карантиннен шыққан уақытқа қарай туристік инфрақұрылымның кешенді дайындығын ұййымдастыру қажет екенін айтты.

 «Сәуір-мамыр аралығында ішкі туризмді белсендіру үшін 2020-2021 жылдарға туристік маусымға толық дайындықты жүргізу керек. «Kazakh Tourism» ҰК, жергілікті атқарушы органдар және бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, белгілі туристік маршруттар мен көрнекті жерлерге түгендеу жүргіземіз. «Жанды сабақтар» жобасы сынды әдістерді енгізу, балаларға арналған маршруттарды құру, басымдыққа ие медициналық қызметтер тізімін анықтау балалар және сауықтыру туризмі сегментінде қолдағы турөнімді түрлендіруге  көмектеседі», – деді Юлия Якупбаева.

Балалар сауықтыру орталықтары мен шипажай объектілерін түгендеу осы субъектілерді қолдау және дамыту бойынша қажетті шаралардың объективті көрінісін береді.

 Жол картасының жекелеген бөлімі туризмнің маңызды бөлігі ретінде қолөнер шеберлігіне арналған. Әр өңірде қолөнер шеберлерінің негізгі бұйымдарын анықтау, қолөнер шеберлері қызметін монетизациялау, мәдени ескерткіштерді жөндеуге тарту – бұл және басқа да іс-шаралар қолөнер шеберлерінің  проблемаларына назар аударуға және қолөнерді ұлттық туристік өнімнің толық құрамдас бөлігі ретінде қарастыруға арналған.

 «Соңғы кезде орын алған жағдайды есепке ала отырып, елдегі туристік саланың жағдайы қосымша шараларды қабылдауды талап етеді. Ұлттық палатамен қабылданған жол картасы Қазақстан Республикасының туристік индустриясын дамытудың 2019-25 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын үйлесімді толықтырады. Осы құжатта анықтаған әдістер бірінші кезекте ішкі туризмді дамытуға, атап айтқанда балалар және сауықтыру туризмі, қолөнерді дамытуға басымдық беруге көмектеседі», – деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Төрағасы Ержан Еркінбаев.

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ және «Атамекен» ҚР ҰКП Жол картасындағы іс-шараларды іске асыру ұсынылған туристік өнімдердің сапасын жоғарылатуға айтарлықтай мүмкіндік береді деген сенімде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер