astana-view

Азық-түлік тауарлардың шекті бағасын жоғарылату үшін айыппұл салынады

2020 жылғы 10 Сәуір
38937 просмотров

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шектеі бағаларды жоғарылату үшін бизнеске 100 АЕК (277 800 теңге) мөлшерінде, ал жыл ішінде қайталама бұзушылық үшін – 200 АЕК (555 600 теңге)  мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін

 3 сәуірде ҚР Сауда және интеграция министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрілігі және ҚР Ұлттық экономика министрлігінің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек бағаларды енгізу туралы» бірлескен бұйрығы қабылданды.

 Бұйрықпен төтенше жағдай режимі кезеңінде әлеуметтік маңызы бар 9 азық-түлік тауар атауына шекті бөлшек баға енгізілді:

  1. бірінші сұрыптағы бидай ұны;
  2. бірінші сұрыптағы бидай ұнынан нан (формалы);
  3. рожки (өлшенбелі);
  4. қарақұмық жармасы (дәнегі, өлшенбелі);
  5. ажарланған күріш (домалақ дәнді, өлшенбелі);
  6. сиыр еті (жауырын-төс бөлігі сүйегімен);
  7. тауық жұмыртқасы (1-санаттағы);
  8. күнбағыс майы;
  9. ас тұзы («Экстра түрінен басқа).

 Бағаларда өңірге байланысты айырмашылық болуы мүмкін. Шекті бағалармен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

 Бірақ осы тауарларды түпкі сатушылар – үй жанындағы азық-түлік дүкендері көп жағдайда шекті мөлшерден жоғары бағада сатып алады. Біріншіден, тауарларды шекті бағадан жоғары бағада сатып алған кәсіпкерлерге әкімшілік айыппұл салынуына жол бермеу керек, екіншіден, бұл тауарлардың сөреден жоғалуын да болдыртпау қажет.

Мәселен, егер бір келі күрішті елордалық бөлшек сатушылар 320 теңгеде сатып алса, оны  бұйрықта көрсетілген 307 теңгеде сатылымға қоймайтыны анық. Тауар тапшылығы орын алу ықтималдығы бар. Бұдан бөлек, түрлі аталымдардың бағасы, мысалға домалақ дәнді ажарланған күріштің бағасында айтарлықтай айырмашылық болуы мүмкін.

Бюджеттік нұсақалардан бөлек, күріштің жоғары сұрыбын сататын дүкендер айыппұлға ұрынуы мүмкін, өйткені 3 сәуірде қабылданған бірлескен бұйрық сұрыптар арасындағы айырмашылықты қарастырмайды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес бағалар мониторингі және «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағаларының шекті бағасынан асуы» 202-бабы бойынша әкімшілік істерді қарауды әкімдіктердің қызметкерлері айналысады.

 Ол үшін http://dosmart.kz сайты әзірленді. Сайт онлайн режимде әлеуметтік маңызы бар 9 азық-түлік тауар бағаларын  тексеруге мүмкіндік береді. Платформаға деректерді әкімдіктермен қатар сатып алушылар да енгізе алады, ол үшін фотография немесе чекті жіберу керек. Қоғамдық мониторинг арқылы бағаларға бақылау жүргізіледі. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 2020-бабы бойынша санкция айыппұлдан басқа жазалаудың балама түрін қарастырмайды. Осы 9 позицияға баға көтеру үшін ешқандай ескерту жасалмай, айыппұл салынады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер