astana-view

Кәсіпкерлікті дамытуға не кедергі?

2014 жылғы 15 Сәуір
2372 просмотров

Кәсіпкерлердің алдында кербездік танытқан шенеуніктер жұмыстан қуылуы мүмкін. Нақтысы, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнеспен диалог орнатқысы келмейтін билік өкілдерін енді орын тақтарынан кетіруге күш салмақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аталмыш палатаның басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі кезде кейбір облыс әкімдерінің орынбасарлары кәсіпкерлерге бюрократтық сес көрсетіп, сөйлескісі келмейтіндей кейіп танытады екен. Сондықтан мұндай бассыздықтарды жойып, керісінше кәсіпкерліктің дамуына жан-жақты жол ашу қажет деп отыр.

АБЫЛАЙ МЫРЗАХМЕТОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

- Барлық билік саласындағы, біз сияқты мемлекеттік емес ұйымдардың негізгі идеологиясы негізгі жұмысы болуы керек. Енді осы жұмысты әр ауыл әкімінен бастап біздің жергілікті жердегі филиалдың басшыларынан бастап Үкімет басшылары бәрі күнделікті жұмысында осы кәсіпкерлікті дамыту, осы кәсіпкерлік арқылы өзіміздің мемлекетіміздің экономикасын көтеру, халықтың әл-әуқатын көтеру деп атап кетті.

Дерекнамасы: 7 арна


Еншілес ұйымдар

Серіктестер