astana-view

Отандық цифрлық технологиялар нарығының халі нешік?

2020 жылғы 15 Сәуір
6105 просмотров

ІТ-саласын қолдау бойыша ұсыныстар пакетін нарық қатысушылары  «Атамекен» ҰКП алаңында өткен онлайн жиындары барысында қалыптастырды

 Негізгі ұсыныстар қатарында – несиелер бойынша кепілдік саясатын оңтайландыру, салықтық жеңілдіктер, оның ішінде Еңбекақы қоры салықтары бойынша жеңілдік, саланы мемлекеттік сатып алудың арнайы рәсіміне қосу арқылы сұранысты ынталандыру және қазақстандық IT-компаниялардан сатып алуға бұрын бекітілген бюджеттерді сақтау арқылы ынталандыру.

Бірқатар онлайн-кездесуде бағдарламалық жасақтаманы, электрондық коммерцияны әзірлейтін, интернет-қызметтерді және мемлекеттік органдар мен жеке корпорациялардың цифрландыру процестерімен айналысатын 120-дан астам компания қатысты.  «Атамекен» ҰКП  сауалнамаларының мәліметтері бойынша ІТ саласы көзге көрінетін қолайлылыққа қарамастан төтенше жағдай және шектеу шаралары салдарынан зардап шекті.

Атап айтқанда сауалнамаға қатысқандардың 44%-ы қызметін тоқтатуға мәжбүр, шығындар күнбе күн артуда. Сауалнамаға барлық қатысушылардың (2167 кәсіпорын) бағалауынша, олар жалпы сомасы 233,2 млрд теңгеге шығын көрген. Соның ішінде ІТ саласы 12,9 млрд теңге жоғалтқан. Компаниялардың 52%-дан астамы ІТ саласынан өз қаржы жағдайые тұрақсыз ретінде есептеп жатыр.

 Аталған зерттеулер нарық қатысушыларының сарапшылық пікірі де растап  отыр

«Әлемдегі интернет-компаниялардың 95%-ы қалай да оффлайн-әлеммен байланысты, сондықтан карантин кезеңінде оффлайн бизнес секілді зардап көреді. Мәселен, Aviata, Chocotravel және басқа да билеттерді сату онлайн серивстері – теріс айналымға ие – сатылымдар тоқтап қалды (әлемдік әуежайлар жабық, ұшуға тыйым салынған), ал бұрын сатылған билеттер бойынша қайтарымдар талап етілуде.

 Chocolife.me купон ортылығы – негізінен ойын-сауық контентті сатқан – кинотеатрлар, бассейндер, спа-орталықтар, сұлулық салондары – бұл орындардың барлығы жабық. «Карантиндік акциялар» блогы – онлайн кинотеатрлар, оқу қурстары, жеткізілім – карантинге дейін болған  сатылымдардың небәрі 5%-ын ғана алады. Интернет дүкендерде қиындықтар бар – «Ламода» – онда РФ шекарасы жабық, «Флип.кз» – бірқатар қалаға тауарларды жеткізу қызметі жабық», – дейді Chocofamily Holding негізін қалаушы Рамиль Мухоряпов.

Оның айтуынша, тамақты жеткізу қызметіне 15-20%-ға өсу байқалған, азық-түлікті жеткізу сервистері жақсы өсім көрсетуде – 2 есе.

«Алайда, бұл өсумен жаңа шығындар бар – райдерлерді жылдам жалға алуға, оларды қорғау құралдармен жабдықтауға, қойма орынжайларды кеңейтуге және жабдықтауға шығындар кетті. Капиталды салымдар тәуекелдері бар, олар сұраныс түсіп, карантин біткен соң өтелмейді», – деді Рамиль Мухоряпов.

Осы ретте ІТ компаниялардың негізі шығыны – еңбекақы қорына шығындар. Компаниялар барынша ұжымды сақтап қалуға тырысып жатыр, өйткені салада сапалы мамандарды іріктеу – ұзақ әрі қиын процесс.

 «Онлайн бизнестің басым бөлігінде шығындардың көбін еңбекақыны төлеу қоры алады. Chocofamily-де бұл шамамен барлық шығындардың 60-70 пайызы», – деді Р. Мухоряпов.

Әріптесін талқылаудың келесі қатысушысы – Arlan Ventures бақылау кеңесінің төрағасы Серік Бутумбаев қолдады.

 «Сөзсіз, мамандар компанияның маңызыд активі болып табылады. Қазіргі таңда компаниямызда шамамен 25% жұмыскерлер жұмысын жалғастыруда, қалғаны қашықтықтан жұмыс істейді. Осы ретте компания штаты 100%-ға сақталған. Клиенттеріміздің барлығына қолдау көрсетудеміз, өнімдерді дамытып, өзіміз де онлайн-оқыту жүргізіп, дамып жатырмыз», – деді Серік Бутумбаев.

 Қандай шаралар ұсынылуда?

Саланың ерекшелігін ескере отырып, нарық өкілдері Ұлттық палатаның сарапшыларымен бірге Үкімет алдына шығарылатын бірнеше ұсыныстарды айтты. Қатысушылардың басым бөлігі қаржыландыруға қолжетімділік қажет деген орта ойға келді, бұл мәселе дағдарыс салдарына өрши түсті. Бұл ІТ-компаниялар банк займдарна тұрақты кепілзат қоюға мүмкіндіктері жоқ, ал басқа кепілзаттарды екінші деңгейлі банктер тіптен қарастырмайды.

 Қолдаудың негізгі шараларының бірі – қаржы айналымын толтыруға мемлекеттік субсидиялау және кепілдендіурмен жеңілдікпен қысқа мерізміді қаржыландыруға қолжетімділік.

 «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы шартын өзгерту, немесе саланың Даму қатысуымен коммерциялық екінші деңгейлі банктерден қаржыландыруға жылдық 6% -бен 3 жылға дейінгі мерзімге қол жетімді болуы үшін арнайы IT компаниялары үшін арнайы салалық дағдарысқа қарсы бағдарламаны әзірлеу ұсынылды.

 Қарызды қамтамасыз ету ретінде «Даму» қорының кепілдігін несие сомасынан 100 пайызға пайдалану. Өз кезегінде ІТ компаниялар «Дамуға» тұрақты емес кепілзаттар – иелердің жеке кепілдіктері, ЖШС-да үлестер, айналымдағы  ақша түріндегі кепілзат дебиторлық берешек, сондай-ақ материалдық емес активтерге құқықтарды беруді ұсынды.

Саланы қолдаудың басқа құралы – ІТ саласын ең кемі 1 жылдан астам уақытқа  «Бәйтерек» қорының компанияларының («Kazyna Capital Management» және/немесе еншілес компаниялары) капиталдарына тікелей кіру үшін басым секторлардың тізіміне қосу. Капиталдың кіруі қолдау кезеңінде еңбекақы төлеу қоры мөлшерінен кем болмауы керек.

 Осы ретте «Атамекен» ҚР ҰКП Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру және инновациялар комитетінің төрағасы Болат Башеев бұл шара басқалардан гөрі тиімдірек деп санайды.

«Менің пікірімше, заңнамаға немесе Ұлттық банк нормаларына өзгеріс енгізу созылып кетіп, мына дағдарыстан тыс көрініс алуы мүмкін. Сондықтан менің пікірімше ең оңтайлы шара – компанияның ары қарай өз үлесін сатып алу мүмкіндігімен негізгі капиталға кіруі болып табылады. Яғни, қаржыландырудың осындай әдісі, егер кәсіпорынға жылына 100 млн қажет болса, онда негізгі капиталға олар кіреді, бір жылдан кейін біз айталық 115 млн теңгені қайтадан сатып аламыз», – деді Болат Башеев.

Талқылауға қатысушылар қаржыландыруға қолжетімділіктен басқа салықтық жеңілдіктер де маңызды екенін айтты. Алайда осы шараларды іске асырудың тетіктері жоқ, ситуацияға қатысушылар алаңдаулы.

 «Мемлекет тиімді шаралардың бірқатарын айтты, олар шын мәнінде көмек беруде – мысалға саланы 6 айға еңбекақылық салық пен аударымдардан босату. Алайда әзірге осындай жеңілдікті растайтын нақты актілер жоқ. сонымен бірге дәл сол зейнетақы жарналарын қалай төлей алмайтынымызды түсіндіру керек – өйткені бұл іс жүзінде біздің емес, қызметкерлердің ақшасы», – дейді Рамиль Мухоряпов.

Бұл ойды Серік Бутумбаев та қолдады: Штатты сақтау үшін шара еңбекақы қоры салықтардан босатуға қабылданды. Бірақ жеке табыс салығы, міндетті зейнетақылық аударымдар бойынша түсіндірме керек».

 Жоғарыда аталған шаралар қаржылық ауыртпалықты төмендетуге, арзан ақшаға қолжеткізуге көмектеседі. Бірақ сұраныстың болмауы саланы қолдау бойынша қызметті нөлге жеткізуі мүмкі. Талқылауға қатысушылар ұсыныстарды ынталандыру саланы сақтауға көмектеседі, бұл сала басқа бағыттардан гөрі тез оңалып кетуге әлеуетке ие.

 «Тұтастай алғанда, ІТ-саласы басқа салаларға қарағанда анағұрлым тез қалпына келуі тиіс – бізде әзірлеушілеріміз бар және нарықтағы ситуацияға қарай өнімді икемдеуге әлеует бар. Мәселен, Chocofood.kz жуырда супермаркеттер мен дәріханалардан өнімдерді жеткізу қызметін іске қоспақ. Ал iDoctor.kz  14 күн ішінде жаңа өнім шығарды, енді әр қазақстандық еліміздің кез келген нүктесінен дәрігермен онлайн сұхбасттасып, кеңес ала алады. Бұл ауыл тұрғындарына маманнан кеңес алуға көмек береді. Дәргерлердің айтуынша, жағдайдың 80-90%-ында диагнозды дәрігерге бармай-ақ қашықтықтан қоюға болады», – деді Рамиль Мухоряпов.  

Нарықтың басқа қатысушылары ІТ өнімдері мен қызметтерді, сондай-ақ отандық өндірушілердің бағдарламалық жасақтамасына техникалық қолдау көрсету үшін мемлекеттік сатып алудың ерекше тәртібінде қосу маңызды деп санайды.

 Осы жағдайда «Отандық тауар өндіруші кім» деген сауал туады.

 «Менің пікірімше, ІТ саласында  отандық өндіруші, егер өнімді тауар ретінде қарастырсақ, негізгі критериі жасалған бағдарламалық өнімдерге айрықша мүліктік құқықтар компанияға немесе Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген адамға тиесілі болуы керек. Яғни бұл елге тиесіді актив болады. Екінші маңызды фактор – адамдар, өйткені бұл технологиялық әзірлеме. Әрілеушілердің 70%-дан астамы  ҚР резиденттері болуы тиіс», – дейді Серік Бутумбаев.

 «Атамекен» ҚР ҰКП АТК комитетінің төрағасы Болат Башеев комитетіі шешімімен бөлісті: «Отандық өндіруші – жалпы ішкі өнімге салым салып жатқандар, қарапайым тілмен айтқанда өзі жасап, ақшаны елде қалдыратын адам. Осы принципте ІТ-саласына арналған Индустриялық сертфикат құрылды:

  • Кәсіпорын ҚҚС төлеп жатқан түсімнен үлес (өзі жасады);
  • ҚҚС төлемейтін шағын кәсіпорындар үлесі – еңбекақы төлеу қорынан түсімнен үлес.
  • Бұл үлестерді орналастыру үлесі деп санаймыз», – деп түсіндірді Болат Башеев.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер