astana-view

Президент 27 сәуірдегі мәлімдемесінде бизнесті қолдауға қатысты қандай шараларды айтты

2020 жылғы 27 Сәуір
9199 просмотров

2020 жылдың 27 сәуірінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасады

Көрсетілген қолдау нәтижесі

Өз сөзінде Президент шағын және орта бизнесті қолдау шараларын айтты: «1,6 миллионнан астам адам, 11,5 мың шағын және орта бизнес өкілі несиелерін кейін төлеуге мүмкіндік алды. Бұл жалпы алғанда 360 миллиардтан астам теңгені қамтиды. 700 мыңнан астам компания мен жеке кәсіпкерге салықтық жеңілдіктер жасалды. Сол арқылы олар 1 триллион теңгеге жуық қаржыны үнемдей алады. Шағын және орта бизнеске тиімді несие беру үшін қаражат бөлінді». Жалпы, азаматтар мен бизнесті қолдау үшін 6 триллион теңгеге жуық қаржы бөлініп отыр.

 Жүйе құрушы кәсіпорындар

Өз сөзінде Президент қазіргі таңда жүйе құрушы компаниялары тізімі қалыптасып, оларға тиісті қолдау көрсетілетінін айтты.  Оған ел экономикасы үшін аса маңызды компаниялар ғана енгізіледі.

 Көктемгі дала жұмыстары

Мемлекет басшысы көктемгі егіс науқаны мәселелері шешімін тапқанын айтты. Бұл жұмысқа ешқандай кедергі болмауы керек. Ауыл шаруашылығы министрлігіне және әкімдерге осындай міндет жүктеледі.

Осы науқанға және өнімді алдын ала сатып алуға 200 миллиард теңге бөлінді. Соның 70 миллиарды тұқым өндірісін дамытуға, тыңайтқыштар сатып алуға жұмсалады. 

 Кәсіпорындар жұмысы

 Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзартылды. Сонымен қатар Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссия карантин талаптарын жеңілдетуге дайын. Алдымен, вирустың таралуын қатаң бақылауда ұстап отырған облыстар мен қалалардан бастауға болады. Мемлекеттік комиссияға елорданың үлгісімен еліміздің барлық аймағында өз жұмыстарына кірісетін мекемелердің тізімін жасау тапсырылды.

Бірақ барлық санитарлық нормаларды сақтап, жұмыс орындарында үнемі дезинфекция жүргізіп тұру қажет. Күнделікті өмірде әлеуметтік ара қашықтықты ұстанған жөн.

 Бірінші кезекте өнеркәсіп кәсіпорындары, құрылыс, жол құрылысы және көлік компаниялары, банктер және халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысқа кірісуі керек.

 Ойын-сауық және сауда орталықтары, кинотеатрлар, ресторандар, саябақтар мен адам көп жиналатын басқа да орындар әзірге жабық болады.  

Елімізде жолаушыларға арналған барлық әуе тасымалы тоқтады.  Дегенмен, салыстырмалы түрде жағдайдың тұрақтанғанын ескеріп, Үкімет 1 мамырдан бастап Елорда мен Алматы арасындағы рейстерді ашатын болды.

 42500

Үкімет келесі айда да табысынан айырылған азаматтарға 42500 теңге көлемінде көмек береді.

Қайтадан өтінім жіберудің қажеті жоқ. Төлем бұрын ұсынылған құжат бойынша жүзеге асырылады.

 Экономиканы қалпына келтіру бойынша жоспар

Президент Үкімет пен Ұлттық банк 11 мамырға дейін Экономикалық дамуды қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды дайындауды тапсырды. Қорытындылай еле, Қасым-Жомарт Тоқаев  еліміз дамудың жаңа деңгейіне қадам басып отырғанын айтты. Сондықтан

Сондықтан экономикаға және мемлекеттік басқару жүйесіне ауқымды әрі маңызды өзгерістер қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер