astana-view

Алматыда жекеменшік кәсіпкерлер саны артып келеді

2014 жылғы 16 Сәуір
2453 просмотров

Алматыда жыл басынан бері кәсіпкерліктің белсенді субьектілерінің қатары 15 пайызға өсті. Бұл туралы Іскерлік кеңес отырысы барысында Алматы қаласының әкімі А.Есімов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімовтың төрағалық етуімен Іскерлік кеңестің отырысы болып өтті. Оның жұмысына Іскерлік кеңестің мүшелері, кәсіпкерлер Палатасы мен Алматы қаласы мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

Отырыста Мемлекет басшысының Республикада кәсіпкерлік қызметті жақсартудың шараларын түбегейлі өзгерту туралы Жарлығының орындалуы сөз болды. Қала әкімі бақылаушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне ШОБ-ты тексеруге қатысты мортаторийдің қатаң сақталуын жіті қадағалауды тапсырды.

Қала басшысы мегаполистің Қазақстанның ең ірі бизнес өңірі екендігін атады. Биылғы жылдың 1 наурызында Алматы қаласында кәсіпкерліктің белсенді судбьектілерінің қатары 120 мыңға жетіп, жыл басынан бері 15 пайызға өсті.

«Мемлекет басшысы Қазақстан экономикасын қолдау үшін Ұлттық қордан 500 млрд теңге бөлуге тапсырма берді. Қаланың іскерлік және кәсіпкерлік белсенділік орталығы екендігі және Республика КОК- лік өнімінің төрттен бірі өндірілетіндігі ескерілсе, онда біздің қаламызға да сол қаржының бір бөлігі аударылады деп күтудеміз. Келтірілген нақтылы мысалдар Алматы қаласында жеке кәсіпкерлікті одан әрі дамыту үшін сандық және сапалық барлық мүмкіндіктердің бар екендігін көрсетеді», - деді Ахметжан Есімов.

Қала басшысы ШОБ субьектілерінің үштен біріне астамына жүргізілген тексерулер олардың жойылу процедураларына қатысты болғандығын жеткізді. Сондықтан қала әкімі Алматы қаласы кәсіпкерлер Палатасымен бірге мемлекеттік органдарға кәсіпкерлік қызметті жақсартудың шаралары және олардың жою процедураларын жеңілдетуге байланысты ұсыныс жасауды тапсырды. Өңделген ұсыныс Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберілетін болады.

Мәжіліс соңында қала Іскерлік кеңесі Жеке құрамының жобасы мақұлданды. Алматы қаласы әкімдігі мен қала кәсіпкерлері Палатасының бірігіп жұмыс атқаратындығы жөніндегі Меморандумға қол қойылды. Бұл құжаттың мақсат – кәсіпкерлік жұмысты дамыту, Алматы қаласының экономикасын одан әрі дамыту мен кәсіпкерлік қызметті жандандыру үшін институционалды негіздерді құру.

Дерекнамасы: Bnews.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер