astana-view

Қызылорда облысында 2010-2013 жылдары 151 жоба іске асырылды

2014 жылғы 17 Сәуір
2238 просмотров

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасында өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтіп, «Бизнестің жол картасы – 2020», «Агробизнес – 2020» кәсіпкерлерді қолдау мемлекеттік бағдарламаларының Қызылорда облысы бойынша жүзеге асырылуы талқыланды деп хабарлайды BusinessNews.kz.

«Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы» ҚР Заңнамасына сәйкес, кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламасы бойынша әлеуметтік бақылау жүргізеді. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламасының жүргізілу сапасын сараптайды. Бақылау нәтижесі бойынша, әрбір жобаның ағымдық жағдайы қаралып, проблемаларды анықтап, оның шешілуіне байланысты ұсыныстар жасалады.

Мәселен, «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының 2010-2013 жылдар аралығында жүзеге асырылуына республика бойынша 119,4 млрд. теңге бөлінсе, соның ішінде Қызылорда облысына 5,6 млрд. теңге бөлінген.  Бұл қаражаттың 62%-ы игеріліп, қалған 38%-ы, яғни 2115,55 млн. теңге игерілмей қалған. 2010-2013 жылдар аралығында Қызылорда облысында 151 жоба іске асып, соның ішінде тек 24 жоба Қызылорда облысының аудандарында жүзеге асырылған.

«Мемлекеттік бағдарламалар ШОБ кәсіпкерлерін қолдауға және экономиканың дамуына бағытталған. Сондықтан аймақтағы өз бизнесін бастағысы немесе дамытқысы келетін кәсіпкерлерге сапалы қолдау көрсетілуі керек және Кәсіпкерлер Палатасы осы көмекті қажет  ететін кәсіпкерлер шеңберін кеңейтуге атсалысуға дайын», – деді Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Әбсаттаров.

Источник: BusinessNews.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер