astana-view

Кәсіпкерлер қауымдастығы капиталға рақымшылық жасау шешімін талқылауда

2014 жылғы 18 Сәуір
2488 просмотров

Еліміздің кәсіпкерлер қауымдастығы Мемлекет басшысының капиталға рақымшылық жасау туралы шешімін қызу талқылауда. Алматыда өткен кәсіпкерлер палатасының кезекті отырысы осы тақырыпқа арналды. Басқосуға қатысқан кәсіпкерлердің пікірінше, бұл шара Қазақстанға тартылатын инвестиция көлемін еселеуге септігін тигізбек. Мысалы, 2001-ші жылы жүргізілген капиталға амнистия жасау шарасының нәтижесінде көлеңкелі айналымнан елге 368 млрд. теңгенің қайтарылғаны белгілі. «Ал бүгінде мемлекеттік қолдаудың арқасында шағын және орта бизнестің қандай деңгейге жеткенін ескерсек, бұл шараның ел экономикасының өрлеуіне зор септігін тигізетіні сөзсіз», -  дейді алматылық кәсіпкерлер.

Ерлан Стамбеков, Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры:
-Капиталға жасалатын рақымшылық шарасы елге тартылатын инвестициялар көлемін айтарлықтай ұлғайтады. Кезінде көп қаражаттың шетелге асып кетуіне әкімшілік кедергілер мен салық заңнамаларының жетілмегені себеп болды. Осыны ескерген билік енді бұл шараны 3 кезеңге бөліп жүзеге асыруда. Біріншісі – мараторий, екіншісі – кәсіпкерлікті дамытуға қатысты барлық заңнамаларды ревизиялап, жетілдіру, және үшіншісі – капиталға рақымшылық жасау. Осындай кешенді жұмыстың нәтижесінде 2015 жылға қарай еліміздің бизнес ахуалы айтарлықтай жақсарады деген сенімдеміз.

Дерекнамасы: Хабар


Еншілес ұйымдар

Серіктестер