astana-view

Infokazakhstan.kz іске қосылғанына 20 күн. Кәсіпкерлердің сайтта тіркелуінің 3 себебі

2020 жылғы 05 Қыркүйек
4486 просмотров

«Тез әрі оңай» – отандық кәсіпкерлер infokazakhstan.kz порталы жұмысына қатысты осындай пікір айтуда. 

Еске салсақ, портал локдауннан кейін бизнесті қайта бастауға рұқсат алуүшін құрылды.

1-себеп. Ыңғайлы.

Кәсіпкерлердің айтуынша, портал бірінші кезекте веб-ресурс болғанымен ыңғайлы, демек тіркеуден өту үшін компьютер немесе ноутбуктың болғаны жеткілікті. Бір жаққа барып, кезекте тұрып, қолмен өтінім толтыру қажет етілмейді. Интернеттің іздеу жолағына infokazakhstan.kz деп теру қажет.

2-себеп. Оңай.

Екіншіден, порталда тіркелу үшін қағаз немесе электронды түрдегі бума құжаттар емес, электронды-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) ғана керек.

«Жеке кәсіпкерлігім ертеңнен бастап жұмыс істей алады. Тіркеуден өту үшін маған ЭЦҚ ғана қажет болды, бұл кілт барлық кәсіпкерде бар. Сайт жұмысының өзі ыңғайлы әрі қарапайым. Мен небәрі 5 минут ішінде қызмет түріме байланысты санитарлық нормалармен танысып, өтінім жібердім, содан кейін бірден электронды поштама қызмет бастауға рұқсат келіп түсті», – дейді Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны, «Кенжехан» ЖК жетекшісі Гүлнұр.

3-себеп. Уақыт пен қаражат үнемдеу.

Порталдың келесі тиімділігі ретінде оның жылдамдылығы аталды. KOSTANAY PLAZA сауда және ойын-сауық орталығының маркетологы Дастан Қуантаевтың айтуынша,  сауда және ойын-сауық орталығы рұқсат алған соң бір сағат ішінде келушілерге есігін айқара ашты.

«16 тамызда infokazakhstan.kz сайтында өтінім қалдырдық, кейін 17 тамызда бізге таңертең арнайы комиссия тексерумен келді. Тексеруден кейін санитарлық талаптарға сәйкестік актісін алып, сағат 10-да ашылдық», – деді Дастан Қуантаев.

 Кәсіпкерлердің өзі портал жұмысында әлеуетті байқап отыр. Рұқсат беруден бөлек, кәсіпкерлер қызметтер тізбегін кеңейтуді ұсынды.  

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мамандарының көмегімен әрі ЭЦҚ арқылы кеңесшілер 5-10 минутта жұмысты бастауға барлық актілерді алуға көмектесті. Бұл платформа ары қарай да кәсіпкерлер игілігіне жұмыс істейді деген ойдамын. Біз мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесіп, көбірек қызмет түрлерін алып,  сонымен қатар уақытында орындауға қажетті жағдайға қарай барлық қажетті құжаттарды алар едік», - дейді Ақтөбе қаласы «Орынбасар» ЖК жетекшісі Абзал Аманшиев.

Қазіргі таңда портал қызметін 345 мың кәсіпкер пайдаланды, дайындық актісі 282 мың бизнес өкілі алды.

Қызмет бастауға рұқсат алып үлгермеген кәсіпкерлер ҮШ ҚАРАПАЙЫМ қадам арқылы  хабарлама тәртібінде жұмыс істеуге рұқсат ала алады:

1-қадам. InfoKazakhstan порталына кіріп, ЭЦҚ арқылы ұйымды тіркеу.

2-қадам. Бас санитарлық дәрігердің қаулысын жүктеп, қызмет түріне қойылатын санитарлық талаптармен танысу, танысуды электронды-цифрлық қолтаңба арқылы растау.

3-қадам. Жеке кабинетке және электронды пошта арқылы дайындық туралы актіні алып, жұмысты бастау.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер