astana-view

Алматының 200-ге жуық кәсіпкері тегін семинарларға қатысты

2014 жылғы 08 Сәуір
2531 просмотров

Алматы қаласының 200 жуық кәсіпкері бизнесті дамытуға қатысты тегін семинарларға қатысты, деп хабарлайды Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасы.

Мамандардың айтуынша, мұндай семинарлар кәсіпкерлерге өте қажет.

«Шетелдік инвестицияға қандай компаниялар қол жеткізе алады? Халықаралық талаптарға жауап беретін, менеджмент жүйесі тиісті стандарттарға сәйкес сертификатталған компаниялар ғана инвестицияға үміт арта алады. Сондықтан олар менеджмент жүйесін тұрақты түрде дамытып отырулары тиіс» ,- деді өз сөзінде Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Любовь Алексеева.

Кәсіпкерлерді тегін оқыту жобасын Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасы, Алматы қаласы бойынша техникалық реттеу және метрология департаменті және «Бюро Веритас-Қазақстан» ЖШС компаниясы бірігіп дайындаған.

Бұл оқыту семинарлары қаладағы кәсіпорындар мен ұйымдардың жетекшілеріне, мамандарына бизнесті дамытудың ең сұранысқа ие бағыттары бойынша өткізілді. «Бюро Веритас-Қазақстан» трансұлттық компаниясының мамандары ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 талаптары негізінде менеджменттің сапа жүйелерін енгізу бойынша маңызды тақырыптарды көтерді.

Дерекнамасы: Казинформ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер