astana-view

СҚО-да мектеп бітірушілердің басым бөлігі дәрігер болғысы келеді

2014 жылғы 22 Сәуір
3002 просмотров

СҚО-да 9 – 11 сынып бітірушілердің басым бөлігі Петропавл қаласындағы медециналық колледжге түсіп, ақ халатты абзал жан болғысы келеді. Бұл туралы СҚО кәсіпкерлер палатасы(әрі қарай СҚО КП) өткізген сауалнама кезінде белгілі болды.

«Мектеп бітіруші сыныптар арасында 11 наурыз бен 17 сәуір аралығында сауалнама өткіздік. Оған 12 аудан мен Петропавл қаласындағы 10872 оқушының тең жартысынан астамы қатысты. Респоденттер мектеп бітірген соң таңдаған мамандықтары бойынша қандай оқу орынында білім алғылары келетінін көрсетті», – дейді СҚО КП директорының орынбасары Владимир Литвиненко.

Сауалнама қорытындысы бойынша, қатысқан 5064 оқушының 893-і дәрігерлік мамандықты таңдап, СҚО медециналық колледжіне түскілері келетіндіктерін көрсеткен. Танымалдығы бойынша екінші орынға кәсіби-педагогикалық колледж жайғасты. Мұны 744 талапкер таңдаған. Егер біріншісі медецинаға қажетті мамандарды дайындаса, екіншісі негізінен өндірістік салаға бейімделген.

Болашақ бағдарламашылар, құрылысшылар, механик, технологтар, бухгалтерлер және т.б. дайындайтын гуманитарлық-техникалық колледж үшінші орынға тұрақтады. Петропавл қаласындағы ең көне колледждердің бірін 681 респондент таңдаған.

Облыста 30-ға жуық колледж, бір кәсіптік лицей бар. Және жалғазы ғана жоғары оқу орыны жұмыс істейді. Сауалнама қортындысы бойынша М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетіне оқуға баруға үш жүзге жуық оқушы ниет танытып отыр.

Бір қызығы, жылына 300-400 талапкер түсетін М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжді 100-дей ғана респондент белгілеген екен.

Ауылдық жерлердегі кәсіби білім беретін ұйымдар ең аз сұранысқа ие білім орындары болып қалды. Мысалы, Тайынша ауданындағы агробизнес, Қызылжар ауданындағы агротехникалық, Есіл ауданындағы Жәлел Қизатов атындағы ауылшаруашылық колледждарында он шамасында ғана респондент оқыр едік деп белгілеген. Ал Саумалкөл мен Рузаевкадағы колледждарға 1-2 адам болмаса, мүлдем ешкім барғысы келмейді екен.

Бес мыңнан астам респондент қатысқан сауалнаманың қорытындысы бойынша 600-ге жуық талапкер Қазақстанның басқа өңірлеріндегі оқу орындарына түсуге ниетті. Тағы 200-ге жуығы Ресей Федерациясының колледждары мен ЖОО-ларын таңдаған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер