astana-view

Қазақстанда санитарлық талаптарды бұзу ауырлық дәрежесі бойынша сараланады

2020 жылғы 18 Қараша
4558 просмотров

Ведомствоаралық комиссияның өткен жиынында «Атамекеннің» кәсіпкерлік субъектілерінің санитарлық талаптарды бұзу тәртіп бұзушылығының ауырлық дәрежесі бойынша жіктеуге қатысты ұсынысы қолдау тапты

 Ол үшін қандай шаралар кішігірім, айтарлықтай, өрескел болғанын анықтайтын нормативтік-құқықтық акті қабылданатын болады.

 «Бизнеске талаптар, соның ішінде санитарлық талаптар көп қойылғанын бірнеше рет айтқан болатынбыз. Бұзушылықтың ауырлығына қарамастан жауапқа тарту бизнестің санатына (шағын, орта, ірі) ғана байланысты. Егер шағын бизнес субъектісі жұмыскерлерді есепке алу журналын жүргізбесе немесе санитайзер орнатпаса, онда оған 230 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Ауырлық дәрежесін жіктеу санитарлық дәрігерге түсетін жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. Бірақ бұдан бөлек түзетулерді Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне енгізу керек. Әйтпесе жауапкершілік деңгейін жіктеу айыппұл мөлшеріне әсер етпейтін болады», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Шыңғыс Темір.  

 Бұйрықты қабылдаған соң әкімшілік құқық бұзушылық кодексіндегі санкциялар өзгермейді, әрі бизнес санатына байланысты болады. Ұлттық палата осыған дейін өкілетті органдарға кодекске түзетілер енгізу туралы ұсыныстарды жолдаған болатын.

 Сонымен қатар Ведомствоаралық комиссияға жаңа шектеу шаралары туралы олар күшіне енгенге дейін ең кемі 7 күн бұрын хабарлау ұсынысы жіберілді. Комиссия шешімі бойынша Қазақстан Республикасының және облыстардың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің қаулыларын шектеу іс-шаралары қолданысқа енгізілгенге дейін 3 күн бұрын қабылдау тапсырылды.

 Осыған дейін «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева өізінің facebook парақшасында 2020 жылдың наурыз айында 50-ден астам қаулы қабылданғанын жазды.

 «Демек ережелер апта сайын өзгеріп отырды. Осы ретте бизнес тұтынушылар алдында өнімнің сапасы мен жарамдылығы бойынша жауапты. Жоспарлау мүмкіндігі нөлге теңелді», – деп жазды ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары.

 3 күн бұрын хабарлама тарату бизнеске ықтимал болатын жаңа шектеулерге дайындалуға уақыт беріледі.

 «ҰКП бұзушылық фактілері мен өңірлерден түскен ұсыныстарды жинауды жалғастырады. Біз шұғыл түрде ақпаратты орталық деңгейде санитралық дәрігерлерге жібереміз, ал ең өзектісі ВАК-та айтылатын болады», – деп бөлісті Юлия Якупбаева.

 ВАК 16 қараша күні COVID-19 індетінің таралуына қарсы «Атамекен» ҰКП және бизнес-қоғамдастықтан бірқатар ұсыныстарды қабылдады. Пандемия басынан үкіметке кәсіпкерлікті қолдауға қатысты 100-ден астам хат жолданған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер