astana-view

Тұрғын үйдегі автотұраққа қойылған талаптар 8 жыл бойы шешілмей келеді

2020 жылғы 12 Желтоқсан
6954 просмотров

Бизнестің бағалауы бойынша көлік тұрағы орындары үшін нормаларды азайту бойынша шара тұрғын үйдің шаршы метріне бағаны 5-7%-ға арзандатуға мүмкін береді

 «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында кәсіпкерлер жеке құрылыс салушылармен автотұрақтарды, инженерлік желілерді салудың және оларды салуға кеткен шығындарды өтеудің проблемалық мәселелерін талқылады. Қатысушылар отырысқа Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі уәкілетті комитеті басшылығы өкілдерінің қатыспағанын атап өтті. Осыған дейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Әлихан Смайылов министрлікке бизнес қауымдастығымен бірге құрылыс саласындағы даулы мәселелерді қарауды тапсырды.

 Атап айтқанда, бизнес Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй салуда автотұрақ орындарымен қамтуда жоғары талапты нормаларға, олардың функционалдық мақсатын өзгертудің мүмкін еместігіне қатысты мәселелерге тап болады, бұл жайт тұрғын үй құрылысының құнын жоғарылатуға әкеледі.

Тағы бір мәселе – табиғи монополиялар субъектілері тарапынан жергілікті билік органдарының учаскелеріне инженерлік коммуникацияларды қосуға және уақтылы жеткізбеуге техникалық шарттар беру кезінде желілерді салуға шамадан тыс талаптарды ұсынған жағдайлардың болуы.

«Мәселе 8 жыл бойы шешілмей келеді және барлық деңгейдегі өкілетті мемлекеттік органдардың қарауына шығарылған. Мысалы, жақында ҚР Премьер-министрінің Бірінші орынбасарының деңгейінде шығарылды, алайда нарық өкілдері қанша дәйектер келтірсе де реттеуші орган тарапынан «жоқ, бұл мүмкін емес» деген жауап естиміз», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.

Қазақстан құрылысшылары тауымдастығы Төрағасының кеңесшісі Виктор Микрюковтың айтуынша, құрылыс аяқталған кезде автотұрақ орындарының шамамен 70% -ы иесіз қалып қояды.

 «Автотұрақ орындарымен қамтудың қолданыстағы нормалардың шамадан тыс жоғары болуы байқалуда. Бұл фактор тұрғын үйдің түпкі бағасына кері әсер етеді. Жүргізілген есептерге сәйкес өкілетті орган белгілеген жоғары талаптар салдарынан орта есеппен шамамен 16 мың теңге тұрғын үйдің әр шаршым метріне қосылады. Жоғары талаптар Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ғана қарастырылған. Осы ретте аталған нормаларды екі түрлі қолдану байқалады, онда мемлекеттік органдар және квазимемлекеттік секторға автотұрақ орындарсыз тұрғын үй салу рұқсат етіледі», – деді Виктор Микрюков.

Мәселе Нұр-Сұлтан қаласында өте өзекті болғандықтан, Юлия Якупбаева бұл мәселені кәсіпкерлік қызметке кедергі ретінде Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің алаңына шығаруды ұсынды, жиынға қатысушылар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.

Кәсіпкерлердің айтуынша, мемлекет сала алдында құрылысты арзандату бойынша міндет қойған. Алайда, автотұрақ орындарының құнының өзі паркинг конфигурациясы мен учаскеге қарай 1,5-тен 3,5 млн теңгеге дейін барады.

 «ORDA INVEST» корпорациясы басқарма төрағасы Шалқарбек Талипов нарық тұрғын үй аймағында автотұрақ кеңістігімен толып кеткенін, ал МЖӘ механизмдерін іске асыру қиындай түскетінін атап өтті.  

 «Біз 25 тұрғын үй құрылыс аяқтады, және әр үйде бізде сатылмаған автотұрақ орындары бар», – деді Шалқарбек Талипов.

 Құрылыс қоғамдастығы автотұраққа қажеттілік барын, сұраныс жылдан жылға өсіп келе жатқан растап отыр. Алайда қолданыстағы механизмдер мен нормалар мәселені шешпейді. Автотұрақ орындарына сұраныс бар айдандарда ондай орындар болмай қалып жатқан ситуация орын алуда. Басқа аудандарда орын саны сұраныстан 3-4 есе артық.

 

Автотұрақ орындарымен қамтамасыз ету нормаларын төмендету қажетті шара, өйткені осылайша тұрғын үй бағасын айтарлықтай төмендетуге болады.

 Паркинг тартымдылығының бірі – олардың нысаналы қолдануын өзгертуге болмайды. Виктор Микрюков сатылмаған автотұрақ орындарын ТЖО-ға, автобөлшек сату орындарына өзгертуге болмайтынын айтты.

«Granite» ЖШС директоры Болат Омаров халықаралық тәжірибемен бөлісті.

 «Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, қалада тек жоспарлау стандарттарын ғана емес, сонымен қатар дизайн стандарттарын да бейімдеу керек. Мысалы, АҚШ-та құрылыс салушы ​​автотұрақ орындарының қандай мөлшерлемесін таңдауды өзі шешеді, сатылымның өзектілігі осыған байланысты. Лондонда автотұрақ орнын тұрғындардың небәрі 20%-ы ғана сатып алады, Бейжінде де икемді коэффициент іске қосылған. Кәсіпкерлік орта мемлекеттік реттеуге тәуелді болмауы керек. Біз қандай да бір коэффициенттер, стандарттар болуы керектігін түсінеміз, бірақ қазіргі қиын кезеңде емес», – деді Болат Омаров.

 Өз кезегінде, Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Қуанышбек Мұқаш бизнестің осындай тығырыққа тірелгенін, бизнес осы бастаманың өзін ақтау үшін жобалау ұйымдарына есептеулерді талдауды қаржыландыруға дайын екенін атап өтті.

 Мемлекеттік органның позициясын ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комиетінің техникалық реттеу және мөлшерлеу басқармасының жетекшісі Нұржан Досаев айтты.

 «Бәсекелік ортаға келер болсақ, қазіргі кезде мемлекетке де, жеке құрылыс алушыларға да паркингісіз 4-кластағы тұрғын үйлерді салуға болады. Нұр-Сұлтан қаласы үшін нормативтік құжатта паркинг-орындарының нормасы қонаққа арналған орын, көше және үй алдындағы орындарды қосады. Бұл айырмашылық Нұр-Сұлтандағы және республиканың қалған жерлеріндегі тұрақ орындарының нормаларында байқалады», – деді Нұржан Досаев.

 Юлия Якупбаева автотұрақтармен қамтамасыз ету бойынша жоғары нормалар мәселесі 4-кластағы үйлерде ғана емес, сондай-ақ 1,2 және 3-кластағы үйлер бойынша тұрғанын айтты.

 «Біз 4 бағыт ұсынамыз, олардың шеңберінде осы мәселелерді шешу әрекеттерін қолға алған жөн болар еді», – деп атап өтті ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.

- кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы бұл кедергіні жою үшін ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жүгіну;

- қауіпсіздік нормаларының төмендету;

- өрт және басқа да қауіпсіздік стандарттарын сақтай отырып, автотұрақ орындарының нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі;

- жеке паркингтер құрылысын МЖӘ механизмдері арқылы жүзеге асыру мүмкіндігі.

Сондай-ақ кездесу барысында құрылыс желілері мәселесі талқыланды. Виктор Микрюковтың айтуынша, үш жылдан бері уәкілетті орган проблема бойынша жалтарған жауаптар жіберіп келеді.

«Алғашқы өзекті проблема құрылыс салушыларға осы құрылыс желілерін салуда жоғары талаптарды  артады, ал құрылыс салушылар болса жер учаскесін жоғалтып алмау үшін сыртқы инженерлік желілерді өз күштерімен салып, көп қаражат жұмсайды. Құрылыс салушы бір нысанның құрылысына кем дегенде 0,5 миллиард теңге жұмсауға мәжбүр. Келесі мәселе салынған желілерде қала балансына берумен байланысты. Біз өз қызметтерін асыра пайдаланып, қосымша жоғары талаптар қоятын желілерді қабылдауға монополистерді көндіруіміз керек. Бұл шығындарды өтейтін механизм жоқ. Сонымен бірге жергілікті атқарушы билік органдарында оларды салуға, шығындарды өтеуге қаражат болған, бірақ өтеуге ешкім асығар емес», – деді Виктор Микрюков.

Біз осы шығындардың өтеуін ұзақ мерзімді перспективада алуға дайынбыз деп атап өтті «BI-Holding» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Талғат Қожахметов. Ол үшін құрылыс салушылар сметалық бөлік бойынша сараптамадан өтуге, өзіндік құнын жоғарылату қаупін жоюға дайын.

 «Егер табиғи монополиялар субъектілерінен және жергілікті атқарушы органдарынан ақысыз негізде алынған сыртқы инженерлік желілердің көлемін сұрасаңыз, онда жағдай толығымен айшықталып,  біз әзірлеушілер проблемасының ауқымын көре аламыз», – деп атап өтті Қазақстан құрылыс салушшылары қауымдастығы төрағасының кеңесшісі.

 ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комиетінің өкілі Алексей Ищюк 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы-Жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жергілікті атқарушы органдардың инженерлік желілерін салу механизмдерін іске асыру туралы хабарлады.

 «Біз бағдарламада жазылғандай жасадық, 1 тұрғын кешеніне 2,5 млрд теңге жұмсадық. Алайда нысанды пайдалануға берердің алдында бір ай қалғанда бізге желіллер салынбағанын хабарлады, біз әлі күнге дейін шығындардың өтемақысын алмадық. Шығындарды өтеу механизмінің өзі жоқ екен», – деді «Шар-Құрылыс» ЖШС бас директоры Жанна Бектемірова.

 Желілерді замануи тұрғыда салу немесе құрылыс салушыларға құрылыс бойынша шығындарды өтеу тұрғын үйдің шаршы метрінің өзіндік құнына ісер етіп, төмендеуіне әкеледі.

 Жиынды қорытындылай келе,  Юлия Якупбаева жергілікті атқарушы органдарға шығындарды өтеуге құзырет берілуі үшін бюджеттік кодекске нақты түзетулер жобасын әзірлеуді және жобаны Премьер-министр деңгейінде қаралуын ұсынды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер