«Ashyq» Алматы облысында: жобаға 381 бизнес нысаны қосылды
Алматы облысында кәсіпкерлер арасында «Ashyq» жобасына қатысушылар саны артып келеді. Бүгінде 381 бизнес нысаны жоба бойынша жұмыс істеуде.
Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметовтың сөзінше, «Ashyq» бойынша жұмыс істейтін 381 нысанның 312-і жобаның қатысушы, 69-ы сынақ режимінде жұмыс істейді.
«Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Алматы облысы «сары» аймақта, ал Талдықорған қаласы әлі де «қызыл» аймақта тұр. Бірақ «Ashyq» жобасының арқасында 381 нысан барлық санитарлық-эпидемиялогиялық талаптарды сақтай отырып, өзгеше шарттар бойынша жұмыс істейді. Жобаға кәсіпкерліктің барлық салалары дерлік қосылды деуге болады. Өңірлерде СЭБ қызметімен бірлесе бизнес өкілдері арасында түсіндіру іс-шараларын жүргізуді жалғастырудамыз», - деп атап өтті Әсет Шаяхметов.
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, қосымша Талдықорған қаласында енгізілген сәттен бастап «сары»мәртебесі бар 29 адам және «қызыл» мәртебесі бар 31 адам, Панфилов ауданында бір «қызыл» және бір «сары» мәртебесі бар адам, Ескелді ауданында «сары» мәртебесі бар бір адам анықталды.
Жобаның тиімділігі туралы «Legion» фитнес орталығының иесінің бірі Роман Евдокимов та айтып отыр. Фитнес орталығы өткен жылы ашылған, бірақ пандемияның басталуына байланысты бірден жабылуға мәжбүр болды. «Ashyq» жобасына қатысу нысан қызметін қалпына келтіріп, клиенттердің бір бөлігін қайтаруға мүмкіндік берді.
«Біздің фитнес-клуб өткен жылдан бастап шектеу шараларына байланысты өз қызметін тоқтатты. «Ashyq» жобасына қатысудың арқасында зал қайтадан келушілерге есігін айқара ашты, жаттықтырушылар мен қызметкерлер жұмысқа шықты. Бағдарлама ыңғайлы, еш қиындығы жоқ. Кірген кезде бір рет тіркелесіз, сосын залға барып жаттығуыңызды бастай бересіз. Бүгінде біз енді ғана әдеттегі жұмыс режиміне оралудамыз. «Ashyq» туралы адамдар хабардар болып жатыр. Алдағы уақытта қарқын аламыз деп үміттенемін. Баршаңызды спортпен шұғылдануға және денсаулықтарыңызға көңіл бөлуге шақырамын», - деді фитнес орталықтың тең құрылтайшысы Роман Евдокимов.
Естеріңізге сала кетейік, «Ashyq» жобасы 14 сәуірде Талдықорған қаласында іске қосылды. Ал 26 сәуірден бастап жоба Алматы облысының барлық аумағында енгізіле бастады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: