astana-view

Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы кадр мәселесін талқылады

2014 жылғы 26 Сәуір
2409 просмотров

Астанада Қазақстан Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары Нұржан Алтаев 38 ірі сала қауымдастықтары – АГМП, «KAZENERGY», «Қазақстан көлік жасаушылар одағы», «Қазақстан сүт одағы» және өзге де бірлестіктермен экономика салаларындағы ағымдағы кадр жетіспеушілік мәселесі және кадр дайындау сапасын көтеру жөнінде кездесу болды.

Қазіргі таңда Қазақстан Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Үкімет пен Парламент жиындарында мамандар дайындау мәселелерін, Қазақстан кәсіпорындарын мамандандырылған кадрлармен қамтамасыз ету және халықты кәсіпкерлікке тарту мәселелерін қозғап жүр.

Қазіргі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі – маман дайындау сапасы, олардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі және маман біліктілігінің заманауи талаптарға сәйкес келмеуі боп табылады.

Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының алға қойған мақсаты – ірі жүйе құрушы кәсіпорындармен біріге отырып, біліктілікті көтеру және кадрларды қайта даярлау оқу орталықтарын ашу. ҰКП еліміздің әр облысында кем дегенде екі оқу орталығын ашуды көздеп отыр. Кездесу барысында қатысушылар Ұлттық палатаның ұстанған бағытына қолдау көрсетіп, бастамаларына сәттілік тіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер