Қостанай әуежайы Ashyq жобасына қосылды
Енді Қостанай қаласының әуежайына Ashyq жобасымен ғана кіруге рұқсат. Әзірге қосымша сынақ режимінде жұмыс істеп жатыр. ҚР Бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес әуежай 7 маусымнан бастап қосымшаның толыққанды қатысушысы атанады.
«Біз әуежай басшылығымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, алгоритмді реттеуге көмектестік. Барлық кіреберістерге QR-кодтар қойылды. Кіреберістерде адамдар топтасып қалмауы үшін біз жолаушыларға қосымшаны телефонға алдын ала жүктеп қоюға кеңес береміз. Сонымен қатар өз статусыңызды ashyq.kz сайтынан QR-код арқылы немесе мобильді қосымшадан «Профиль» бөлімінен тексеруге болады», – деп хабарлады Қостанай облысы ӨКП директоры Мұрат Әбенов.
Бүгінгі таңда өңірде 310 кәсіпорын Ashyq жобасына қатысып жатыр.
Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасы жобаға қатысуға ниет білдірушілердің тізімін жинақтап жатыр. Ashyq қосымшасына қатысты барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: 8 7142 394208 және 8 777 268 47 08.
Естеріңізге сала кетейік, Қостанай облысында Ashyq жобасы сәуір айында енгізіле бастады. Жоба COVID-19 таралу қаупін азайтуға және келушілер мен персоналды қорғауға мүмкіндік береді, сонымен қатар бизнеске шектеу шараларына қарамастан, тіпті локдаун жағдайында да жұмыс істеуге мүмкіндік береді. QR-коды мен ПТР деректер базасымен интеграцияланудың арқылы мобильді қосымша келушінің ол вирустың тасымалдаушысы ма, жоқ па, статусын анықтайды:
«Қызыл» түс егер адам ПТР-тестін тапсырып, оң нәтиже шықса беріледі. Осы статустың иесіне үйде оқшаулану режимін қатаң ұстану керек. «Сары» түс науқас адаммен байланыста болған адамдарға беріледі. Оларға азық-түлік немесе үй жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етіледі, бірақ басқа нысандарға баруға тыйым салынады. «Көк» түс ПТР-тестілеу тапсыру міндетті орындардан (мысалы, әуежай) басқа барлық жерге бару рұқсат. «Жасыл» түс – жүріп-тұруға толығымен рұқсат беріледі.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: