astana-view

Ashyq жобасына қатысушылардың 50%-дан астамы «қою қызыл» аймақта

2021 жылғы 03 Тамыз
6262 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес нысандардың жұмыс кестесін ұзарту үшін кәсіпкерлерді Ashyq жобасына қосу бойынша жұмысты жалғастыруда.

«Біз пандемияны бірден еңсере алмайтынымызды түсінеміз, сондықтан «Атамекен» мүдделі ведомстволармен бірлесіп, қосымшаның үздіксіз жұмыс істеуі бойынша шара қолданып жатыр. Әсіресе деректердің сақталуы – денсаулық сақтау минситрлігінің статустар бойынша мәліметтері, вакцияналау паспорттары жіті қадағаланады. Байланыс орталықтардың жұмысы жолға қойылған, ал «Атамекен» нысандарды Ashyq жобасына қосуға көмектесуде», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Үкімет отырысында.

Ұлттық палатаның байланыс орталығы қоңыраулар мен өтініштердің өсуіне байланысты күшейтілген жұмыс режиміне көшті: қоңыраулар күн сайын, демалыссыз 9.00-ден 21.00-ге дейін қабылданады. Операторлар 28 тамыздан бастап  Ashyq жобасына қатысты 8 мыңнан астам қоңырау қабылдады.

2 тамыздағы деректер бойынша жобада 71,6 мың шаруашылық құрушы субъект қатысып жатыр, соның ішінде 44,1 мың субъект – «қою қызыл» аймақтағы нысандар. Алматыда қатысушылар саны – 16,2 мың нысан, Нұр-Сұлтанда – 9 мың, Қарағанды облысы – 7,9 мың қатысушы бар. Қатысушылардың ең аз саны Қызылорда облысында байқалды — 1,1 мың шаруашылық жүргізуші субъекті.

Естеріңізге сала кетейік, «Атамекен» ҚР ҰКП Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдармен бірлесіп, Ashyq жобасына қатысу үшін QR-кодты алуға өтінім беру процесін жеңілдетті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер