astana-view

«Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін» коалициясының ашық хатына жауап

2021 жылғы 12 Тамыз
1334 просмотров

2021 жылғы 27 шілдеде  «Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін»   коалиция ҚР Премьер-минстрінің орынбасары Роман Склярға ашық хат жолдады.

Ашық хатта құрамында никотин бар өнімге ұлттық техникалық регламентті қабылдау қажеттілігінің жоқтығы туралы коалицияның позициясы баяндалады.

Бұл позиция ЕАЭО деңгейінде ұлттық жоғары техникалық регламентті қабылдаудың қатар процесі жүріп жатқанымен дәйектеледі.  Мұндай позицияға қатысты «Атамекен» ҰКП алаңдаушылық білдіреді: кең қолданыс тапқан никотин бар өнім бақылаусыз, қауіпсіздік талаптарынсыз қолданысқа берілген.

 Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қоғамдық денсаулық сақтау мақсатында техникалық талаптардың қабылдануын тездету керек деп санайды, өйткені ЕАЭО-дағы 5 ел үшін құрамында никотин бар өнімге арналған техникалық регламентті қабылдау процесі 3 жыл және одан көп уақыт алуы мүмкін

 Ашық хаттың авторлары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясының 5.3-бабына сілтеме жасап отыр, онда олардың пікірінше, бизнес құқықтық актілер жобасын талқылау процесіне қатыса алмайды.

 Ұлттық палата мамандары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясының ұсынымдары хатта ішінара көрсетілгенін және контекстен жұлып алынғанына назар аударды, өйткені ДДҰ-ның Темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясы  ұсынымдарының толық редакциясында мұндай шектеулер ұлттық заңнамаға сәйкес іске асырылатынына қатысты талаптар бар. Сәйкесінше, ҚР Кәсіпкерлік кодексімен бұл жағы реттелген, бизнес талқылау процестеріне, оның ішінде ҚР Үкіметімен талқылауларға белсенді қатысуға құқылы ғана емес, міндетті де.

 Басқа тәртіпте ұлттық заңнама бизнес субъектілері, жеке кәсіпкерліктің мүддесіне қатысты нормаларады талқылауға қатысуда шектемейді. Осыған байланысты Коалиция мәлімдемесі шындыққа жанаспайды.

 ҰКП мамандары кез-келген салалық немесе қоғамдық ұйымдар халықтың өмірін жақсарту процесіне және мемлекетте бизнесті жүргізу жағдайларына қатыса алады және қатысуы тиіс деп санайды. Барлық дәлелдердің логикалық ғылыми немесе практикалық негіздемесі болуы керек.

Осыған байланысты ҰКП құрамында никотин бар өнімге арналған техникалық регламентті әзірлеу қажет деп санайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер