astana-view

Еңбекақы қорына жүктемені азайту бизнеске қызметкерлерді ресми түрде жұмысқа алуға ынталандырады – «Атамекен»

2021 жылғы 01 Қыркүйек
5342 просмотров

2021 жылдың қыркүйегінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және микробизнестің еңбекақы қорына жүктемені азайтуды ұсынды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бұл шара жұмысшыларды көлеңкеден шығаруға ықпал етеді деп санайды.

 Еңбекақы қорына 5 төлем орнына бірыңғай төлем енгізу ұсынылды. Жалпы жүктемені 34-тен 25%-ға дейін төмендету жоспарланған.

 «Бұл – бизнеске өз қызметкерлерін ресми жұмысқа алуға ынталандыратын маңызды бастама. Енді «Атамекен» үкіметпен бірлесіп, бизнес пен қызметкерлерге ыңғайлы болуы үшін осы төлемнің жүктемесі мен есептеу механизмін пысықтау бойынша жұмысты бастайды», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП атқарушы хатшысы Асқар Қысықов.

 Бизнес үшін еңбекақы қорына салық жүктемесін азайту – ҰКП бастамасы. Бұл туралы төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев бірнеше рет айтқан. «Атамекен» мамандары микро және шағын бизнес өкілдері салық төлеуден жалтаратынын, өйткені әкімшілендірудің күрделі процесінен қашатынын алға тартады. Бұл туралы Ұлттық палата басшысы V республикалық форум барысында егжей-тегжей айтты. «Атамекен» бағалауы бойынша жұмыспен қамтылған 8,8 млн адам ішінен 4 млн адам ресми емес жұмыс істейтіндер қатарына жатқызылуы мүмкін. Олар өз табысынан тұрақты салық және басқа да төлемдерді төлеуге құлықсыз.

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін бизнеске кедергілер мен шығын келтірмеу үшін тиісті төлем жүйелерін әзірлеу қажеттігін атап өтті. Жүйе 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылуы тиіс.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер