astana-view

Таңбаланбаған тауар мен автомобильдерді тексеру – қазақстандық кәсіпкерлер ресейлік кеденшілерге сұрақтар қойды

2021 жылғы 14 Қазан
6139 просмотров

Қазақстандық кәсіпкерлер РФ федералды кеден қызметі өкілдеріне Қазақстан-Ресей шекарасында қандай мәселелер кездесетінін айтты. Кездесу «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында өтті.

Мобильді топтардың назарына жалпы ағындағы көліктердің небәрі 5-7 пайызы ғана ілігеді. Тексеріске 0,02 пайызы жіберілетінін атап өтті Ресей ФКҚ тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау бас басқармасының бастығы Сергей Семашко.  Ол көлік құралын тексеруге жіберу – ең жауапты шешім айтты.  Тәжірибе көрсеткендей, тоқтатылған 0,02% көліктерден бұзушылықтар 97% жағдайда расталады. Тәртіп бұзу ішінде кең таралғаны – таңбаланбаған тауарды әкеліп-әкету, ресейлік орман өнімдерін, санкциялық тауарларды әкету.

 «Таңбаланбаған өнімдердің көлемі 3-4 есе өсті. Ресейде мемлекеттік органдардың бәрінде тұрақты байланыс арналары бар, тауарлар тізімі үнемі кеңейіп келеді және барлық кәсіпкерлер үшін қол жетімді, ақпарат ашық  арналарда жарияланған. Осыған қарамастан, белгілі бір тауарға таңбалау енгізілгеннен кейін 1,5-2 ай ішінде біз таңбаланбаған өнімді анықтаймыз», – деді Сергей Семашко.

 Бұзушылықтардың басым бөлігі жеңіл өнеркәсібі өнімдері, аяқ киім, темекі өнімдеріне тиесілі. Сергей Семашконың пікірінше, бұзушылықтардың негізгі себебі  – механизмді енгізудің әртүрлі тәсілдері мен мерзімдері.

 «Бізге ілгерілеу керек. Әзірге әр тарап осы айырмашылықты кедергі деп атайды. Біз болсақ, бизнес зардап шегетін экцестерді жасамауға мүдделіміз. Өйткені, бұзушылықпен анықталған тауарлар тәркіленеді және қайтарылмайды. Сондықтан біз қазақстандық бизнеске тізімдерді қарау, өз тауармен салыстыру және әкелеміз бе, жоқ па, таңбалаймыз ба, жоқ па деп шешім қабылдауды сұраймыз», – деді спикер.

 Өз кезегінде «Атамекен» ҰКП экономикалық интеграция департаментінің директоры Райымбек Жүнісов Еуразиялық экономикалық одақ елдері өз елінде таңбалауды енгізу мерзімдерін дербес белгілеуге құқылы, бірақ таңбалау операторлары арасында интеграцияның болмауы бизнесмендердің қызметін қиындататынын айтты.

 «Қазіргі кезде кәсіпкерлер өз серіктесіне жүгінуге мәжбүр. Мысалы, Ресейде кейін тауарға салынатын таңбалау кодтарын алу үшін серіктестерге жүгіну керек. Оған себеп – кодтарды өзара танудың болмауы. Ал тауарларды осындай тану ЕЭК шешімдерімен қарастырылған», –деді Райымбек Жүнісов.

 Сонымен қатар қазақстандық кәсіпкерлер бизнестің түйткілді мәселелерін қарастыруды ұсынды, атап айтқанда экспорт процедурасын цифрландыру: тауар өндірушілерге электрондық шот-фактураларды аумақтық фискалды органдардың мөрімен растауға тура келеді.

Бұл жайт қаржылай және уақыт шығындарына әкеп соғады. Бизнестің пікірінше, бұл мәселені Одақ елдерінің бақылау жүйелерін біріктіру арқылы шешуге болады. Бұдан бөлек, түйткілді мәселе ретінде кәсіпкерлер тауарлар транзитін, дәлірек айтсақ, көлік құралдарын мобильді топтардың тұрақты тоқтатуы, актілер бермей тексеріп қарау жүргізуді атады. Кәсіпкерлер транзиттік жүктерді Суджа бекетін кесіп өту мәселесін реттеуге көмек сұрайды, онда шекарашылар кеден қызметтерінің біріккен алқасының ұсынымдарын басшылыққа ала отырып, 1 күн – 450 км  өлшемі негізінде жеткізу мерзімдерін белгілейді. Аралық кеден бекеттері есепке алынбайды, онда машина жарты күн тұрып қалуы мүмкін.

ҰКП алаңында айтылған ұсыныстар мен проблемалық мәселелердің барлық пакеті одан әрі зерделеу және шешімдер қабылдау үшін қалыптастырылатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер