astana-view

Юлия Якупбаева: Тұрғындардың сұранысы әлеуметтік қызметтер мен қалалық ортаға қарай көбірек көңіл бөле бастады

2021 жылғы 19 Қараша
5844 просмотров

 Бүгін CREW Central Asia салалық алаңыда «Атамекен» ҰКП Төралқасы жанындағы туризм саласы комитетінің төрайымы Юлия Якупбаева қала аумақтарын абаттандыру бойынша кешенді бағдарлама дайындауды бастау және «жобалар фабрикасын» құруды ұсынды.

Бұл жұмысқа қала тұрғындары,   сәулетшілер, креативті индустрияның кәсіби қоғамдастығы, рестораторлар мен отельерлер, туристік қоғамдастық пен девелоперлер, жергілікті және орталық мемлекеттік органдарды тарту көзделген.

Өз сөзінде спикер дамыған елдерде 15 минуттық қалалар тұжырымдамасы кең таралғанын атап өтті, онда қала тұрғыны мен қонағы 15 минуттық жерге серуендеу немесе велосипед тебу арқылы барлық қызметтерді ала алады. Сонымен қатар, ауа, су сапасы, балалармен серуендеу, спортпен шұғылдануға арналған орындардың болуы төлеуге қабілетті тұрғын үшін маңызды болады.

Осыған байланысты туристерді тартып, білікті мамандар үшін өзінің тартымдылығын арттырғысы келетін қалада қалыптасқан қалалық орта болуы керек:  

  •  жайлы инфрақұрылым,
  •  қазіргі қоғамдық кеңістіктер,
  •  қолайлы экология,
  •  сапалы қалалық басқару.

«Бұл трендтерді елеусіз қалдыруға болмайды. Жаһандану орта тап үшін еңбек нарықтарын ашты, ал қалалық орта сапасының төмендігі енді қаладан неғұрлым қолайлы локацияларды таңдай алатын білікті мамандардың кетуіне себеп болуы мүмкін», – деп атап өтті «Атамекен» ҰКП Төралқасының туристік сала комитетінің төрайымы.

Бұл ретте цифрландыру туризм индустриясының ландшафтын да өзгертті. Енді турист қаланың ең көрнекті орындарында болып қана қоймай, ерекше суреттер мен көріністерді қалайды. Ол қалалық ортаға еніп кетеді және қала аумағында болған кезінде толыққанды жергілікті тұрғынға айналады.

Шын мәнінде, бұл теория қалалық туризм бойынша VI Жаһандық саммит аясында расталды. Саммит қорытындысының бірі ретінде қалалық туризмді дамытудың күн тәртібінде туризмді дамыту емес, жалпы қаланы дамыту болуы керек деп айтылды.

Қазіргі қалалық қоғамдық кеңістіктер тек саябақтар мен жағалаулар ғана емес. Бұл қайта өңделген өндірістік аумақтар, интерактивті мұражайлар және ескі қаланың жаңа көріністегі аумақтары («жаңа тарих» деп аталады).

Бұл жұмыстың бәрі сәулетшілер қауымдастығы мен жергілікті билік органдарынан көп күш пен шығармашылықты қажет етеді. Алайда, мұндай аумақтарды құру қаладағы ШОБ қозғалысын, саны мен алуан түрлілігін бірнеше есе арттырады, креативті индустрия мен сауда кластерін ұлғайтады.

Қазіргі заманғы мұражайлар мәдениет пен аттракционның ортасындағы кеңістік. Мұнда дәрісхана, кафе және дүкен бар. Тіпті кейбірінде қонақ үй де бар. Мұражай көрмесі бар жай ғана орын емес – бұл туристік кластердің орталығы, ілеспе қызметтер мен кәдесый өнімдерінің тұтас кешенін жасайтын заманауи қоғамдық кеңістік.

Мұнда келушілер экспонаттарды қарап қана қоймай, экспозицияның қатысушылары бола алады – олар тарихи және фантастикалық ландшафттардың аясында танымал тұлғалармен фотосуретке түсіп, тіпті оқиғалардың дамуына әсер етеді. Мұражайлардағы виртуалды және интерактивті экспозициялар туристерді қызықтыратын және жас ұрпақ үшін ақпаратты қол жетімді ететін шынайылық.

Мысал көп – Лондондағы Гарри Поттер мұражайы, Оттавадағы Мұз планетасы мұражайы, Мәскеудегі «Ресей менің тарихым» мұражайы және т. б.

 Саябақтар мен көрініс алаңдарының жаңа форматтары. Әлеуметтік желілер біздің өмірімізге енгеннен бері сапалы мазмұн мен сапалы фото үшін күрес күшейе түсті. Жаңа перспективаларды іздеуде адамдар тәуекелге бел буады, алыс сапарларға барады, оқырмандарымен өз әсерлерімен бөліседі.

Аумақтар бұл мотивті сәулет өнерінде шебер қолданады. Түрлі көрініс алаңдары, шыны көпірлер, sky-парктер мен аспалы жолдар туристер мен қала тұрғындарын қызықтыратын жаңа орынға айналуда.

Көрші Ресейде 2019 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «тұрғын үй және қалалық орта» жобасы ырқылы 68 мыңнан астам аула, саябақ пен алаң абаттандырылды. Әр түрлі қалалардың 10 миллионнан астам тұрғыны үйлерінің жанындағы аумақтардың көрінісі үшін дауыс берді.

Қазақстанда қоғамдық кеңістіктердің рөлін сауда орталықтары өз мойнына алды. Мұнда адамдар сөйлеседі, балалармен уақыт өткізеді, спортпен шұғылданады. Бұл жаман емес, бірақ бұл жайлы қалалық орта құру және туризмді дамыту үшін жеткіліксіз.

Урбанистік қауымдастықтар ашылып жатыр (QazUrban, Kazproperty, жас урбанистер). Бұл жерде де негіз қажет, және біз «Атамекен» ҰКП ретінде осындай ядро жасауға дайынбыз.

«Сіздерден түрлі пилоттық жобаларды жүзеге асыру бойынша идеялар мен ұсыныстарды күтеміз. Диалог құруға  ашықпыз», – деп қорытындылады Юлия Якупбаева.

 Анықтама: Crown Central Asia салалық алаңы алғаш рет CREW Central Asia салалық алаңы кеңселік, сауда жылжымайтын мүлік және ритейл нарығының ойыншылары үшін аймақтық конференция өткізеді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер