Қостанайлық кәсіпкерлер кәсіби техникалық білім беруді дамытатын болады
Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы мен облыстық білім беру басқармасы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
«Оқу орындарының кәсіпорындармен бірлескен белсенді жұмысына қарамастан, кәсіби техникалық білім беруді дамытуда қиындықтар әлі де бар. «ССГПО», «Баян-Сұлу» және «Арай-Холдинг» акционерлік қоғамдары сияқты ірі кәсіпорындар әлеуметтік серіктестікті белсенді дамытып, студенттерді тәжірибеден өткізіп, оларды өздерінің учаскелерінде жұмыс істеуге дайындауда. Алайда басқа басшылар мұнымен айналысып, тәжірибе алған студенттер мен олардың жетекшілеріне еңбекақы төлегісі келмейді», - деп санайды Қостанай облысының білім басқармасының басшысы Сәуле Төртқараева.
Оның пікіріне қарағанда, қол қойылған меморандум мектептерде кәсіби бағдарланған жұмыс жүйесін құруға, колледжде оқитын студенттерге тәжірибе ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: