astana-view

«Атамекен» ҰКП Мемлекет басшысының дағдарыстық жағдайды шешу үшін бейбіт диалог қажет деген үндеуін қолдайды

2022 жылғы 05 Қаңтар
2408 просмотров

Біз қазақстандықтардың баға мен тарифтердің өсуіне қатысты алаңдаушылығын, сондай-ақ кірістерді арттыру қажет деген талабымен келісеміз.

Бұл факторлар халықтың несие алуының өсіміне, сондай-ақ жаппай наразылықтарға алып келгенін түсінеміз.

Бүгін Президент жағдайды тұрақтандыру бойынша бірінші кезектегі шараларды жариялады. Бұл – мәжбүрлі шешімдер. Кәсіпкерлерді түсіністікпен және жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен тарифтердің бағасын реттеу кезінде субсидиялар бөле отырып, өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы мүдделер балансын ескереді деп үміттенеміз.

Сонымен қатар, халықтың табысын арттыру үшін жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдай қалыптастырудың маңызы жоғары деп санаймыз.

Біріншіден, табысты арттыру үшін бизнес бастау негіздерін оқыту, кепіл саясатымен қолжетімді және жеңілдікпен микронесие беру, тауарлар мен қызметтерді сатуды сүйемелдеу арқылы халықты жаппай кәсіпкерлікке тарту арқылы мүмкін болады.

Мемлекет басшысы жариялаған цифрландыру бұл міндетті жылдам іске асыруға мүмкіндік береді. Осы жылдың соңына дейін біз «Бизнеске арналған үкімет» сервисін құру бойынша Президенттің тапсырмасын орындауға дайынбыз. Оған 4 миллионға жуық адам, соның ішінде жұмыс істеп отырған 1 миллион жеке кәсіпкер мен шаруа қожалықтары, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және жастар тартылуы мүмкін. Порталды іске қосу үшін барлық дайындық жұмысы (нормативтік, ұйымдастырушылық, техникалық және мазмұндық) өткен жылдың желтоқсанында аяқталды.

Жеке қосалқы шаруашылықтар базасында кооперация құру есебінен ауыл шаруашылығында жаппай кәсіпкерлік үшін үлкен әлеует бар. Президенттің тапсырмасы бойынша өткен жылы Жамбыл облысында ЖҚШ кооперациясы бойынша пилоттық жоба сәтті аяқталды, оның бүкіл ел бойынша масштабын арттыруға болады.

Екіншіден, импортқа тәуелділік пен негізгі тұтыну тауарларына бағаның өсу проблемаларын шешу үшін импортты алмастыруды және ақылға қонымды протекционизмді дамыту қажет.

Атап айтқанда, ЕАЭО шеңберінде біз сыни тауарлар бойынша ішкі нарықты қамту және қорғау нормаларын батыл қолдануға тиіспіз.

Сонымен қатар, соңғы бірнеше жылда ішкі өндірісті (импортты алмастыру) дамытудың кешенді бағдарламасын қабылдау үшін есептер мен тәсілдерді дайындадық.

Бұл бағдарлама импортқа тәуелділікті азайтып, бағаның өсуін тежеп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын құрып, отандық өндірістің дамуына серпін береді. Бұл ретте импортты алмастыру жобалары үздік озық технологияларда және мониторингтің цифрлық құралдарын қолдана отырып жүргізілуге тиіс.

Тиісінше, мемлекет қаржылық қолдау шараларын бағыттауды жоспарлап отырған ұлттық жобалардың қолданыстағы бағыттарында салалық басымдықтар өзгеруі тиіс.

Үшіншіден, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, атап айтқанда жер ресурстарына қолжетімділікке, табиғи монополиялар қызметіне қолжетімділікке, реттеу қағидаттары негізінде жаңа рұқсат беру жүйесін құруға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алудың барлық үдерісіне ревизия жасауға және оларды одан әрі цифрландыра отырып, қолдау шараларына байланысты бизнес жүргізу үшін кедергілерді алып тастауды жалғастыру қажет.

Еліміздің болашағы, отандық кәсіпкерлікті дамыту үшін бейбітшілік пен бірлікті сақтау маңызды екенін атап өтеміз. Ішкі және сыртқы арандатушылыққа берілмей, тәртіпсіздіктің алдын алу керек.

Саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді талқылау үшін бейбіт әрі сындарлы диалог қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер