astana-view

Отандық жоғары оқу орындарының 2021 жылғы рейтингі таныстырылды

2022 жылғы 02 Ақпан
13798 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төртінші жыл қатарынан ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, отандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау жүргізіп келеді.

Рейтинг 19 критерий бойынша жүргізілді. Критерийлер қатарында түлектердің жұмысқа тұру деңгейі, түлектердің медианалық еңбекақасы, білім беру бағдарламаларын аккредиттеу, оқытушылық құрамның сапасы және білім беру бағдарламаларының өзектілігі бар.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында  «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев пандемия түлектердің жұмыспен қамтылуына қалай әсер еткені жайында ақпарат берді.  

«Соңғы екі жыл түлектердің жұмыспен қамтылуына әсер еткені байқалады. Өткен жылмен салыстырғанда, жұмыспен қамтылудың орташа пайызы 6,7%-ға жоғары. Ал 2019 жылы жұмыспен қамтылудың деңгейі 74%, 2020 жылы 71%, 2021 жылы 77,7%-ды құраған. Карантин кезеңінде жұмысқа тұруға талдау жасап, мынаны айтуға болады: 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы түлектердің жұмысқа орналасуы төмен болды. 2021 жылы  IT, сервис, агроөнеркәсіп кешені және құрылыс бағыттары бойынша жағдайдың жақсарғаны байқалады», – деді Олжас Ордабаев.

Сондай-ақ, ҰКП өкілі медицина және педагогика бағыты бойынша жұмысқа орналасу деңгейінің 6% артқанын атап өтті.

 «Жұмыс берушілер білім беру бағдарламаларының өзектілігіне 55%-ға қанағаттанды. Қазір біз жұмыс берушілердің қанағаттанушылығының өсу динамикасын байқап отырмыз (27,6%-ға). Алайда, бірқатар жоғары оқу орнының сапасы төмен білім беру бағдарламалары бар», – деп атап өтті Олжас Ордабаев.

Олжас Ордабаевтың білім беру процесінде студенттер ескірген және тәжірибеде қолданылмайтын стандарттарға сәйкес оқытылатынын атап өтті.

«Осыған ұқсас жағдай қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер бойынша байқалады. ЖОО-дағы профессор-оқытушы құрамның еңбекақысы көтерілуіне қарамастан, білім беру бағдарламаларын сапасыз жасау фактілері орын алуда», – деді ол.

 Анықтама: Рейтинг мамандарды дайындауда жұмыс берушінің мүддесін ескеруге арналған. Жаһандық тұрғыда рейтингті есепке алу жастар арасындағы жұмыссыздықты төмендетуі керек. Бүкіл ел ауқымында іс жүзінде оқыған және практикалық қызметке бейімделген, сондай-ақ қазіргі заманғы болмысты ескере отырып, бәсекеге қабілетті және білікті жаңа формациядағы қызметкерлерді қалыптастыру процесі жүріп жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер