astana-view

Қаржы министрлігі кеден брокерлерінің жұмысын шектейді – Қайырбек Сүлейменов

2022 жылғы 27 Сәуір
7391 просмотров

 Бүгін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында  Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы шеңберінде кеден брокерлерінің кәсіпкерлік қызметін шектеу мәселесі қаралды. Жұмыс қорытындысы бойынша кеңес Қаржы министрлігіне, Бас прокуратураға және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне бірқатар ұсыным жіберді. 

Қайырбек Сүлейменов Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес бизнес-қауымдастықтар мен салалық одақтардың проблемаларына бірінші кезекте назар аударуға ниетті екенін атап өтті. Сондықтан Қазақстан кеден брокерлері қауымдастығының брокер қызметін шектеуді алып тастауға қатысты ұсыныстары Палатада жеке мәселе ретінде қаралады.

 «Қауымдастық ұсыныстарының барлығы бірдей даусыз емес. Бірақ бүгін Кеңесте біз ортақ пікіріге келуше, қауымдастық пен Мемлекеттік кірістер комитеті арасында ымыраға қол жеткізуге тырысамыз», – деді Кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменов.         

Кәсіпкерлер өткен жылы және 2022 жылдың бірнеше айында Ұлттық палатаға сыртқы экономикалық қызмет саласындағы бастаманы шектеу мәселелеріне қатысты 111 өтініш жазды. Қазақстан кеден брокерлері қауымдастығының өкілдері 2021 жылдан бері Мелекеттік кірістер комитетінен 34 түйткілді мәселенің шешімін ала алмай жатқанын айтты. Қауымдастық кедендік әкімшілендірудегі негізгі проблемалар ретінде кедендік рәсімдердің ұзақтығы мен ашық жүргізілмеуі; заманауи ақпараттық жүйелердің болмауы; өткізу пункттері мен кедендік ресімдеу аймақтарының әлсіз инфрақұрылымын атады.

 «Мемлекеттік кірістер органдарының жұмысында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 551-бабының 1-бөлігі бойынша кеден брокерлері мен өкілдерін «дәйексіз декларациялау» үшін жауапқа тартудың негізсіз практикасы қалыптасқан. Бұл заңмен бекітілген негіздерге, дәйексіз декларациялау және  Жоғарғы Соттың ресми түсіндірмесі үшін жауапкершіліктен босатудың барына қарамастан іске асырылп жатыр. Бұл жайт брокерлер қызметін шектейді, ал заң нормаларын «еркін» қолдану мен түсіндіру сыбайлас жемқорлық салдарына жағдай жасайды», – деп мәлімдеді Қазақстан кеден брокерлері қауымдастығының төрағасы Геннадий Шестаков.

 

Кеңес алаңында кеден брокерлері кәсіби қызметінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру, резидент еместермен өзара іс-қимылдың проблемалық мәселелері, кеден өкілдерінің қызметіне өзін-өзі реттеуді енгізу, кеден органдарында қауіп-қатерді басқару жүйесінің ашық жүргізілмеуі мәселелері қаралды. Мысалы, ҚР Үкіметінің 20.05.2020 жылғы № 307 қаулысымен кедендік өкілдердің қызметінде өзін-өзі реттеуді енгізу бойынша шаралар көзделген. Брокерлер қауымдастығы кеден брокерлерінің қызметін өзін-өзі реттеуді енгізу үшін ұйымдастырушылық және құқықтық регламенттеу бағытында бірнеше шара қабылдаған.

 Жиында лауазымды тұлағалардың кеден өкілдері бірлестіктерінің қызметіне қатысты шамадан тыс сақтық танытуы өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруды тежейді, жеке сектордың бастамасын ынталандыруға тиіс кәсіпкерлік ахуалды, бәсекелестік ортаны қалыптастыруға кедергі келтіреді.

Кәсіпкерлер одағының Мемлекеттік кірістер комитетінің әкімшілік кедергілерді алып тастауға құрылымды позициясының жеткіліксіздігіне қатысты дәлелдері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның тұжырымдарымен расталады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мамандарының пікірінше, кеден ісінде енгізілген тәуекелдерді басқару жүйесі барынша ашық жүргізілмейді. Жабық жүргізілетін қызмет сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға кеден органдары қызметкерлері іс-әрекетінің негізділігін бағалауға мүмкіндік бермейді.

  «Осылайша мемлекеттік кірісер комитеті және кеден брокерлері қауымдастығы арасындағы өзара қарым-қатынастың төмен деңгейі сыртқы экономикалық қызметте кәсіпкерлік бастаманы тиісті деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне байланысты ұйымдастырушылық және құқықтық проблемаларды қалыптастырады», – деп қорытындылады кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменов.

Кеңес Қаржы министрлігіне аса өткір проблемаларды шешу бойынша Мемлекеттік кірістер комитетінің кәсіпкерлердің салалық бірлестіктерімен тұрақты жұмыс істейтін өзара іс-қимыл алаңын ұйымдастыруды; егер іс-әрекеттер салықтан негізсіз босатылуға әкеп соқпаса, бизнесмендерді жауапкершілікке заңсыз тарту фактілерін жоюды ұсынды. Сонымен қатар ұсынымдар Бас прокуратура мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жіберілді. Кеңестегі ұсынымдарды қарау нәтижелері туралы ақпарат 2022 жылғы 1 маусымға дейін күтіледі. Кеңес отырысының материалдары Президент әкімшілігіне жіберілетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер