astana-view

Денсаулық сақтау министрлігі мамандарды қайта дайындау саласында кәсіпкерлер құқығын шектеді – Ұлттық палата

2022 жылғы 14 Маусым
7739 просмотров

Бүгін 2022 жылдың 14 маусымында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесі отырсында «Қазақстанда білім беруді дамытуға ықпал етуді дамыту қауымдастығының» медицина саласындағы бәсекені шектеу және кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру туралы шағымы қаралды.  Денсаулық министрлігі заң бұзып отыр, денсаулық сақтау саласында 40-тан астам білім және ғылым ұйымының кәсіпкерлік қызметіне кедергі келтіріп отыр – міне Ұлттық палатаға қауымдастық атанан осындай шағым түсті. Қауымдастықтың мәліметінше, шенеуніктердің әрекетінен бір жылдағы шығын 1 млрд 200 млн теңгені құраған.

Қазақстанда медицина мамандарының біліктілігін арттыру «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі кодексімен бекітілген (2020 жылы қабылданған). Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметінің ерекшеліктері Кодекстің 221-бабында тіркелген. Осылайша, институционалды аккредиттеуден өткен ұйымдардың барлығы медицина мамандары үшін біліктілікті арттыру құқығына ие екені заңмен бекітілген.

«Дегенмен, Денсаулық сақтау министрлігі мен Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің лауазымды тұлғалары заң талабын бұзып, денсаулық сақтау саласы мамандарының біліктілігін арттыру бойынша қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпкерлер тобының құқығын ведомство бұйрықтарында және тәжірибе жүзінде шектеген, ол медициналық білім беру нарығындағы бәсекенің азаюына әсер еткен. Денсаулық сақтау министрлігінің шенеуніктері жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелері, ғылыми орталықтар, ғылыми зерттеу институттары, жоғары медициналық колледж дәрежесін алған ұйымдар ғана  қосымша білім бере алатынын заңсыз белгілеген. Нәтижесінде сондай дәрежесі жоқ, бірақ заң талабына сай аккредиттеуден өткен 40-тан астам білім беру ұйымы шет қалған», – деп мәлімдеді «Қазақстанда білім беруді дамытуға ықпал етуді дамыту қауымдастығының» басшылығы.

Кәсіпкерлер 2022 жылдың наурызында заңнама ережесіне қайшы келетін бұйрыққа шағымданған және Денсаулық сақтау министрлігі құжатты Кодекстің 221-бабы 6-тармағына сәйкестендірген. Алайда,  заңсыз шектеу тәжірибесі әлі күнге дейін күшінде дейді қауымдастық өкілдері. Кеңеске қатысушылар бұл жағдай медициналық білім беру қызметі нарығын монополияландырды және жеке білім беру нарығына айтарлықтай соққы болғанын айтып отыр. Себебі клиникалық курстар барлық медициналық курстың жалпы санының 80%-ына дейін құраған. Кеңес шешімі Министрліктегі лауазымды тұлғалардың Кодекстің 221-бабы 6-тармағын қолдануы заңмен негізделмегені аталып өтті.

Кеңес шешімінде министрліктегі лауазымды тұлғалар лауазымдық уәкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетіне институционалды аккредиттеуден өткен ұйымдардың тізімін берген. Бірақ ол тізім шын ресми тізімнен айтарлықтай өзгеше болған. Осы әрекет клиникалық практикаға рұқсатнама үшін мамандарға сертификат беруден бас тартудың себебіне айналды. Құзыретіне енбейтін құжатты шығару ақиқатқа жатпайды және заңсыз шешім қабылдауға итермеледі, бұл медициналық білім беретін жеке меншік ұйымдардың іскерлік беделін түсіріп қана қоймай, сондай-ақ тұтас және сапалы қайта дайындаудан өткен жеке тұлға-медициналық қызметкерлердің құқығын бұзады. Денсаулық сақтау министрлігіндегі лауазымдық тұлғалардың Кодекс баптарын қолданудағы заңсыз әрекеті денсаулық сақтау саласы мамандарының сертификат алуын көп рет орындамауға соқтырған. Сонымен қатар білім беру қызметі нарығындағы бәсекені азайтқан – 2020 жылы кәсіби қауымдастық мүшелерінің білім беру саласындағы қызметінің жартысынан көбі қысқарған.      

«Бизнес субъектілерінің құқығы мен мүддесін қорғау мақсатында «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесі Денсаулық сақтау министрлігіндегі лауазымдық тұлғалардың қосымша және бейресми медициналық білім беру бойынша қызмет көрсетудегі кәсіпкерлік қызметті шектеуге қатысты заңсыз әрекеттерін заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау деп есептеуге болады деп атап өтті», – деп нақтылады Кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменов. 

Кеңес 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұжырымдаманың талаптарына  және Қазақстан кәсіпкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша хартиясына  сүйене отырып, Денсаулық сақтау министрлігіне ұсыныс берді: «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 221-бабы 6- тармағының мүлтіксіз атқарылуын қамтамасыз ету және денсаулық сақтау саласындағы мамандарға аккредиттеу органдарында институционалды аккредиттеуден өткен, мойындалған аккредиттелген ұйымдар тізіміне енген білім және ғылым мекемелерінде қосымша және бейресми медициналық білім беру дереккөздері арқылы қосымша білім және машық берумен айналысатын мамандарға заңсыз шектеу қойғанды жою.   

Сонымен қатар Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетін институционалды аккредиттеуден өткен білім беру және ғылым ұйымдарының бағасында медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беру курсынан өткен тыңдаушыларға сертификат беруге бағыттау; осыны үлгіге ала отырып, кәсіпкерлер құқығының бұзылуы себебін сараптау және ведомстволық нормативтік-құқықтық актілердің қабылдануына және лауазымды тұлғалардың заңды негізсіз қолдануына жол бермейтін іс-шаралар жүйесін жасау; Бақылау және қадағалаудың бірыңғай есептік күнін өткізгенде кәсіпкерлік усбъектілермен өзара әрекет етуді жақсарту үшін бизнес субъектілерінің құқығын сақтау бойынша ұйымдастырушылық және құқықтық шараларды тұжырымдау үшін кәсіпкерлерден түсетін өтінімдер мен шағымдарды сараптау да ұсынылды.

Қазақстан Республикасында бәскелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттікке осы жағдайға тексеру жүргізу, Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетіндегі лауазымды тұлғалардың әрекетіне қосымша және бейресми медициналық білім беру бойынша қызмет көрсететін кәсіпкерлік қызметті шектеу бойынша құқықтық баға беру ұсынылды. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікге ведомстволардағы  лауазымды тұлғалардың әрекеті қызметтік этиканы сақтауға сәйкес келе ме деген мәселені қарастыру ұсынылды.

Ұсыныстардың қаралу нәтижесі туралы ақпарат Кеңеске 2022 жылдың 1 тамызына қарай берілуі керек. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесі отырсының материалдары мәлім болуы үшін Президент әкімшілігі мен Үкіметке жолданады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер