astana-view

Қазақстан қант әкелуге мораторийді алып тастап, квотаны ұлғайтуға қол жеткізді – Ұлттық палата

2022 жылғы 15 Шілде
8095 просмотров

гін Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің шешімімен Қазақстан үшін қант пен шикі қантты әкелуге квота 100 мың тоннаға ұлғайтылды. Сондай-ақ, мораторийге байланысты әкелу мерзімі 2022 жылдың қарашасына дейін ұзартылды. ЕЭК отырысы Еуразиялық экономикалық комиссияға мүше мемлекеттердің премьер-министрлерінің орынбасарлары деңгейінде өтті.  

Қазақстан қант квотасын ұлғайтуға үшінші рет қол жеткізді. Елімізге дәстүрлі түрде қант жеткізетін елдер – Ресей мен Беларусь ақ қантты әкетуге және лицензиялауға тыйым салғаннан соң  ішкі нарықтағы жағдай қиындап кетті. Ішкі тұтыну үлесінде ресейлік қант шамамен 90%-ды құрайды. Қазір қазақстандық кәсіпорындарда кондитерлік өнімдер мен шырын өнімдерін өндіруді тоқтата тұру қаупі туындаған.

 «Ұлттық палатаның позициясы – қант квотасын ары қарай да ұлғайтуға қол жеткізуді жалғастыру. Сонымен қатар ел ішінде қант саласын дамыту мәселесін де шешу керек. Шекаралар жабылған соң Қазақстан қиын жағдайға тап болды: ЕЭК шешімі бар, келісімшарттар бар, алдын ала төлем жасалған, ал қант болса жоқ. Біз Ресей Федерациясы жақын арада біржақты тәртіппен енгізілген тыйымдарды алып тастайды деп үміттенеміз. Өйткені бұл тыйымдар Еуразиялық одақтың одақтық мүшелік құқығын бұзып отыр. Бүгін кеңес жұмысы кезінде Ресей тарапының өкілдері Мәскеу жақын арада,   2022 жылғы 31 тамызда қант экспортына тыйым салуды алып тастауға ниетті екенін айтты», – деп түсіндірді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов.

ЕЭК Кеңесінің шешімімен қазір квота 100 мың тоннаға өсіп, жалпы алғанда 450 мың тоннаны құрады. Ал Қазақстан тарапы квотаны 300 мың тоннаға өсіруді сұраған еді. Бұл ҰКП Позициясы болды. Наурызда Еуразиялық одақ елдеріне қант экспортына мораторий енгізгеннен кейін «Атамекен» ықтимал тәуекелдерді бағалап, квотаның қажет болар көлемін болжады. Бұл ретте, 2021 жылдың соңында, ЕЭК комиссиясы деңгейінде, әкелудің қатаң мерзімінсіз Қазақстанға ресейлік қантты әкелудің жыл сайынғы дәстүрлі көлемі 250 мың тонна болып бекітілді. Ресей Федерациясының қант пен бидай шығаруға мораторий енгізуіне байланысты Қазақстан қанттың белгілі бір қорын (250 мың тоннадан бастап) еңгізуге үлгермеді.

 Келесі 300 мың тоннаға тең квотаны Қазақстан мамырда қол жеткізді. Алайда сауда министрлігі мен ауыл шаруашылығы министрлігінің ЕЭК-пен жұмыс қорытындысы нәтижесінде маусымда Қазақстанға тек 100 мың тонна қант мақұлданды. Шілдеде атқарылған жұмыс тағы 100 мың тонна бөлумен шектелді.

 Қазақстанға қант әкелу мерзімін ұзартуға келетін болсақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бастапқыда 2023 жылдың сәуіріне дейін әкелудің шекті мерзімін белгілеуді ұсынды. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімі бойынша алғашқы мақұлданған көлемді (250 мың тонна) Қазақстан осы жылдың тамыз айының соңына дейін алып келуге тиіс еді. Бірақ физикалық тұрғыдан алғанда, ел аумағына тек 134 мың тонна қант жеткізілді. ЕЭК Кеңесі мерзімдерді 2022 жылдың соңына дейін төрт айға ұзартты.

 Жалпы, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі отырысының жұмыс күн тәртібінде 25 мәселе қаралды.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер